432
10.6 Ғарыштық түсіру туралы түсінік
Ғарыштық түсірулерді табиғат қорларын, табиғат құбылыс-
тарының динамикасын жан-жақты оқып-үйрену, Жердің
қоршаған ортасын қорғау, ғарыш кеңістігі мен жақын орналасқан
ғаламшарларды зерттеу мақсатында қолданады.
Ғарышты зерттеу материалдарын география, астрономия,
геоде
зия, геология, метеорология жəне Жер туралы ғалымның
тағыда басқа салалары пайдаланады. Қазіргі кезеңде ғылымның
ғарыштық картография жəне ғарыштық геодезия сияқты жаңа
бағыттары пайда болды. Жоғарыда аталған ғылымның жаңа
бағыт тары дамуына ғарыштық түсірулердің төменде көрсетілген
бірқатар қасиеттері əсер етті:
– ірі аумақты қамтуы мен одан туындайтын бейненің жинақ-
таруының жоғары болуы;
– түсірулер бойынша тұтас ғаламшардың негізгі құрылымдық,
аймақ тық жəне зоналық ерекшеліктерін оқып-үйренуге қолайлы-
лы ғы;
– бір мезетте жер бетінің кең көлемді аумағын түсіру арқылы
ландшафттың барлық құрамдас бөліктерінің арасындағы байла-
ныстарды зерттеу мүмкіндігінің болуы;
– түсірулерді тұрақты түрде қайталаудың табиғатты ырғақ ты
(тəуліктік, маусымдық,) жəне ойда жоқта туындайтын (ор ман ның
өртенуі, жанартау атқылау сияқты басқада табиғат құбылыс-
тарының, сонымен қатар шаруашылық əрекетінің (егіс алқап-
тарының ауданы, дақылдардың тісіп жетілуі, құрылық пен теңіз-
дердің ластануы) динамикасын оқып-үйренуге мүмкіндік бе р уі.
Жоғарыда аталғандар ғарыштық түсірулердің негізгі
бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: