Ғарыштық түсірілімдерді үлкен өзгерістері бар аудан- дардың топографиялық карталарын жаңарту үшін пайдала- ну . Ғарыштық түсірілімдер ірі масштабты карталардың жаңар-
тылуын күтпестен орта жəне ұсақ масштабты карталарды тікелей
фототүсірілімнен жаңартуға мүмкіндік береді.
Ғарыштық түсірілімдерді карталардың жаңартылу мерзім дерін анықтау үшін пайдалану . Ғарыштық түсірілімдерді
пайдаланып жергілікті жердің түрленуі мен шаруашылыққа
пайдалану деңгейі əртүрлі аудандардың карталарын жаңарту
мерзімдерін белгілеуге болады.
Картаның түпнұсқасын камералық өңдеу жолымен түсірілім
бойынша картаның ескіруін жəне топографиялық карталардың
толық немесе ішінара жаңартуды қажет ететін беттерін
анықтайды. Сонымен қатар, барлық масштабтар үшін немесе
ұсақ тан біртіндеп іріге қарай кезекпен барлық қарталарды жаңар-
туға мүмкіндік туада.
Ғарыштық түсірілімдер бойынша көптеген тақырыптық карта-
лар да құрылуда. Оларға орографиялық, геоморфологиядық, ауыл
шаруашылық; қазіргі кезеңдегі табиғат қорлары жағдайының,
бағалау, болжау карталарын, қоршаған ортаны қорғаудың кешенді
карталарын қамтитын тақырыптық карталар серялары жатады.
Елімізде шаруашылықтық мақсатта бірінші кезекте игерілетін
аудандар үшін ғарыштық ақпараттар негізінде табиғат корларын
кешенді бағалау жəне тіркеу бағдарламасы жасалып, табиғаты
мен болашақта шаруашылықты тиімді дамыту бағыттарын си-
паттайтын сол аумақтардың алуан түрлі тақырыптық карталары
құрылған.