Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Жыныс жолдарымен таралатын инфекциялардың



Pdf көрінісі
бет44/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

Жыныс жолдарымен таралатын инфекциялардың 
əлеуметтік-медициналық мəселелері
Жыныс жолдары арқылы таралатын инфекцияларды ерте кезеңнен 
əлеуметтік жағдайдан туындайтын аурулардың қатарына жатқызылып 
келеді. Олардың ішінде сифилис пен гонорея аурулары ерекше орын 
алады. Себебі бұл аурулар зəр жəне жыныс органдарында аса күрделі 
патологиялық өзгерістерге алып келеді жəне тұрғындардың арасында
еңбекке жарамсыздық, репродуктивтік қасиетті жоғалту оқиғаларын 


128
барынша арттырады. Осы аурулардың əсерінен жүктіліктің түсік тас-
тауымен аяқталуы немесе ана мен баланың өлімінің артуы жиі 
байқалады. Біздің республикамызда 1990 жылға дейін сифилиспен 
аурудың деңгейі 100 000 тұрғынға балап есептегенде 0,5 оқиғаны 
құраса, 1998 жылы 180 оқиғаға дейін жетті. Ал, жеке облыстарда 
(Павлодар. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облы-
стары) жəне ірі қалаларда (Алматы, Астана, Петропавлоск, Павлодар, 
Қостанай) оның таралу деңгейі 250-260%
000
дейін көтерілді. Осы ауру-
мен қатар гонорея ауруының таралу ауқымы ұлғайды. 1990 жылы гоно-
реямен аурушаңдық 100 000 тұрғынға балап есептегенде 0,24 оқиғаны 
құраса, 1998 жылы 140-150 оқиғаны түзеді. 2004 жылғы статистикалық 
деректерге қарағанда, сифилис пен гонорея таралу деңгейі 97-98%
000
тұрақтады. Осыдан бастап бұл аурулардың бірте-бірте төмендеуі 
байқалады.
Соңғы 20 жыл арасында жыныстық қатынастар барысында тарала-
тын аурулардың түрлері де көбейді. Оның ішінде трихоманиаз, хлами-
доз, уреаплазмоз, урогениталдық кандидоз аурулары еселеп өсу үстінде. 
Жыныстық қатынастар арқылы берілетін инфекциялардың осылайша 
жоғары деңгейде таралуына Республика тұрғындарының өмір сүру 
жағдайы мен салтының өзгеруі себеп болып отыр. Əсіресе, жастардың 
жеңіл жүріске бой ұрып, кім көрінгенмен жыныстық қатынасқа баруы, 
гигиеналық ережелерді сақтамауы, олардың арасында наркомания мен 
алкоголизмнің белең алуы эпидемиологиялық жағдайдың ушығуының 
негізгі себептері болып отыр. Осы аурулардың кеңінен етек алуына 
дəрігерлер де кінəлі. Себебі жыныстық қатынастар арқылы берілетін 
аурулардың алдын алуға болады жəне осы аурулардан тез емде-
лу мүмкіндігі бар деген деректерді дəрігерлердің өздері ақпараттық 
құралдарда, телевизиялық эфирлерде жиі айтып жүр. Шындығында бұл 
аурудың созылмалы түрлерін толық емдеп шығу өте қиын, жеке ауру-
ларды тудыратын инфекциялар дəрілердің əсеріне тұрақты. Сондықтан 
жыныстық қатынастар арқылы тарайтын инфекциялардан туындаған 
аурулар репродуктивтік жастағы əйелдердің бала көтеру қасиетін 
жоғалтуға, ал ер кісілердің потенциясынан айрылуына алып келеді. 
Осындай жағдай Еуропа елдерінде жəне Америка Құрама Штаттарын-
да кеңінен таралған. Сондықтан да олардың арасында бала асырап
алу оқиғалары өсе түсуде. Өмір заңы бойынша адамның ең маңызды 
міндеті дүниеге бала алып келу жəне ұрпақтардың одан ары жалғасуын 
қамтамасыз ету екендігін ұмытпауымыз керек. Егер тұрғындар ара-
сында туылу көрсеткішінің төмендеуі одан ары жалғасса, жер бетінен 
көптеген ұлттар мен ұлыстардың жойылып кету қаупі бар. Ал саны 
аса жоғары емес қазақ ұлтының арасында жыныстық қатынастар 
арқылы берілетін аурулардың арта түсуі, еліміздің тəуелсіздігіне жəне 
егемендігіне тікелей төнген қауіп деп қарастыру қажет.


129
Шетелдік ақпараттық құралдарда жеке артистер мен мемлекет 
қайраткерлерін дəріптеу жəне олардың СПИД ауруынан, наркомания-
дан жəне алкоголизмнен өліміне қайғыру оқиғалары жиі көрсетіледі. 
Осыдан жастардың санасында осы қайраткерлердің жоғары абыройға 
ие болу сезімі қалыптасуда. Оған мысал ретінде, балетмеистер Эду-
ард Нуриев пен артист Майкл Джексон сияқты тұлғалардың өмірін 
алуға болады. Алайда бұл атақтылардың бірі СПИД-тен, екіншісі 
наркоманиядан өлгендерін есепке алсақ, онда олардың өз істеріндегі 
жетістіктерінің түкке тұрмайтындығын байқауға болады. Қазіргі таңда
Қазақстан Республикасында іске асырылып жатқан мемлекеттік 
профилактикалық шаралардың тиімділігі аса жоғары емес. Елімізде 
түнгі жезөкшелік белең алып, тұрақты коммерциялық сипатқа ие бо-
лып отыр. Оған жастар да, ересек адамдар да кеңінен тартылуда. Бұл 
үдеріске қарсы профилактикалық жұмыстарды қатаң заңды жолға қою 
қажет. Медицина қызметкерлерінің жəне құқық қорғау органдарының 
осы бағыттағы солқылдақ шаралары не əлеуметтік, не медициналық 
тиімділігін бермей отыр.
9–7438


130


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет