Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Қатерлі ісік аурулары жəне оның медициналық-əлеуметтік



Pdf көрінісі
бет41/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

3.3. Қатерлі ісік аурулары жəне оның медициналық-əлеуметтік 
мəселелері
Замануи медицинаның екінші аса өзекті мəселесі қатерлі ісіктер 
болып табылады. Бұл патологиялардың қауіптілік дəрежесін сипаттау 
үшін мамандар қатерлі ісіктерді, адамдарды өлімге ұшырататын «№ 2
жан алғыш» деп атайды. Осы арқылы жəне бұл патологиялардың 
алып келетін экономикалық шығындарын есепке ала отырып атаулы 
аурулардың əлеуметтік-медициналық маңыздылығын түсінуге болады. 
Сонымен қатар қатерлі ісіктердің басым бөлігі міндетті түрде науқастың 
өлімімен аяқталатынын да ескеру қажет. ХХ ғасырдың басында эко-
номикасы өркендеген елдерде қалыптасқан өлім оқиғаларының 3-7%
қатерлі ісіктердің үлесіне тиген болса, қазіргі кезеңде олардың үлесі 
14-20%-ға деиін жетіп отыр. Қатерлі ісіктерді емдеу жəне алдын алу 
шаралары айтарлықтай жетістіктерге жеткенмен, осы аурулардың 
таралуы жыл сайын жер бетінде арта түсуде. Жалпы алғанда жер 
бетінде жыл сайын орта есеппен 5 миллион адам қатерлі ісіктерге 
шалдығады. Осыған тек қана қатерлі ісіктерге генетикалық тұрғыда 
бейімділік, жүйесіз жəне сапасыз тамақтану, алкоголь, зиянды əдеттер, 
психоэмоцияналдық стресс, дəрілік заттарды талғамсыз қабылдау, 
ащы тағамдарға құмарлық алып келмейді, сонымен бірге қоршаған 
өмір сүру ортасының зиянды химиялық заттармен шамадан тыс ласта-
нуы жəне көтеріңкі радиация да себеп болуда. Соңғы жылдары əрбір 
100 000 ер кісіге балап есептегенде 295-315, əрбір 100 000 əйелге ба-
лап есептегенде 262-291 қатерлі ісікке шалдыққан науқас алғаш рет 
тіркеледі.
Ер кісілердің арасында қатерлі ісіктен туатын өлімнің құрамында 
өкпе рагы бірінші рангалық орында орналасса, екінші орында 
асқазанның рагі, үшінші орында өңеш рагы жайғасқан. Əйелдердің 
арасында туындайтын өлімнің құрамында асқазанның рагі бірінші, сүт 
безі рагі екінші, жатыр мойны рагы үшінші рангалық орынды қамтып 
отыр.
Қазақстан Республикасында 2005 жылы онкологиялық патоло-
гиялармен науқастану деңгейі 100 000 тұрғынға балап есептегенде
489,4 оқиғаны құраса, өлім көрсеткіші 122,6%
000 
болып шықты. Ер 
кісілердің арасында олардың жастарына қарай стандартталған өлім 
көрсеткіші 191,7%
000 
құраса, əйелдер арасындағы осындай көрсеткіш 
87,2%
000
түзеді. Тұрғындардың жасы ұлғайған сайын онкологиялық 
аурулардан туындаған өлім оқиғаларының саны сатылап өседі. Ер 


109
кісілердің арасында əйелдерге қарағанда онкологиялық патологиялар-
мен науқастану жəне осы патологиялардың асқынуынан өлімге ұшырау 
оқиғалары айтарлықтай жоғары. Бұл жағдайға ер кісілердің арасында 
ерте диагностикасы қиын ішкі органдардың рак аурулары əйелдерге 
қарағанда 7-8 есе жоғары болуы, ал əйелдер арасында (сүт безі мен 
жыныс органдарының) ерте кезеңде анықтауға ыңғайлы орналасқан 
онкологиялық патологиялардың басым болуы алып келуде.
Қатерлі ісіктердің əлеуметтік-медициналық маңызын зерттеу бары-
сында ғалымдардың көңілін алаңдататын мəселе осы патологияның жеке 
нозологияларының динамикасы болып отыр. Алайда онкологиялық 
аурулардың динамикасын зерттеу барысында міндетті түрде мынадай
жағдайларды есепке алған жөн.
1. Соңғы 60-70 жыл ішінде жер бетінде рак ауруларының ерте 
кезеңдегі диагностикасының сапасы күрт жақсарды, онкология сала-
сында білікті мамандардың саны артты, қатерлі ісіктерді гистологиялық,
ренгенологиялық əдістермен зерттеу ауқымы жоғарылады.
2. Онкологиялық ауруларды ресми статистикалық есепке алу 
жұмысы жетілді.
3. Тұрғындардың жастық құрамы ересек жəне жасы ұлғайған 
адамдардың үлес салмағының артуымен ерекшеленуде. Зерттеу дерек-
теріне қарағанда, онкологиялық аурулардың деңгейі тұрғындардың 
жастық шамасы жоғарылаған сайын арта түсетіндігін көрсетті. Осы-
лайша, 60-70 жастағы аналардың арасында 30 жасқа дейінгі əйелдерге 
қарағанда, онкологиялық аурумен науқастану 50-60 есе жоғары болса, 
ер кісілерде 100-115 есе артық болып қалыптасқан.
Соңғы жылдары ер кісілер арасында онкологиялық аурулармен 
науқастану деңгейі бір қалыпта сақталуда. Алайда, өкпе рагымен 
науқастану динамикасы үнемі көрсеткіштің жоғарылауымен сипатта-
лады. Бұл жағдайда ер кісілердің темекі шегуге ұмтылысының артуы-
мен жəне қоршаған өмір сүру ортасы нысандарының (атмосфералық 
ауаның) аса улы химиялық заттармен жоғары деңгейде ластануымен 
түсіндіруге болады.
Онкологиялық аурулардың əлеуметтік-медициналық өзектілігін 
баяндауды осы патологиялардың асқынуынан туындайтын өлім 
оқиғаларынан бастауымыз екі себеппен байланысты:
- біріншіден, онкологиялық патологиялармен сырқаттану жəне өлім 
мəселелерінің аса өзектілігін көрсету үшін;
- екіншіден, науқастардың тірі кезіндегі диагностика сапасының 
артуына қарамай, осы патологиялардың асқынуынан туындаған өлім 
оқиғасы мəліметтерінің барынша нақты екендігін айқындау үшін.
Қатерлі ісіктері бар науқастардың арасындағы профилактика, ем-
деу жəне реабилитация мəселелерін дұрыс шешу ауруды ерте кезеңнен 
анықтау (диагностика), науқастарға арналған медициналық көмек са-
пасын қамтамасыз ету жəне емдеу-профилактика шараларын дұрыс 


110
ұйымдастыру жұмыстарымен тікелей байланысты. Бұл жұмыстарды 
ұйымдастыру онкологиялық диспансерлерге жүктелген.
Республикамыздың барлық облыстарында онкологиялық аурулар 
арасындағы профилактикалық шаралар диспансерлік əдіспен жүзеге 
асырылады.
Онкологиялық диспансерлердің алдына:
- онкологиялық ауруларды ерте кезеңнен анықтау;
- жоғары білікті жəне арнайы медициналық көмек беру;
- диспансердің қызмет көрсету аумағында орналасқан барлық 
емдеу-профилактика мекемелерінде онкология саласы сұрақтары бой-
ынша ұйымдастырушылық-əдістемелік жетекшілік жасау;
- емдеу мекемелерінің тəжірибесіне рак ауруын диагностикалаудың 
жəне емдеудің ең тиімді əдістерін ендіру;
- емдеу мекемелеріндегі онкологиялық науқастарға жүргізілген ем-
деу шараларының сапасын бақылау;
- диагнозы анықталған ауруларды зерттеу жəне оның себептеріне 
баға беру сияқты міндеттер қойылған.
Онкологиялық диспансерлер жетекші емдік-профилактикалық 
медицина мекемелері болғанмен, рак ауруының ерте кезеңіндегі диаг-
ностикасын ұйымдастыруда амбулаторлық-емханалық мекемелердің 
атқаратын рөлі өте жоғары. 
Онкологиялық ауруларды ерте кезеңнен анықтаудың екі жолы бар:
1. Онкологиялық аурулар туралы ерекше сақ болу тек дəрігерлер
емес, сонымен қатар тұрғындардың да міндеті болып қалыптасуы 
қажет.
2. Профилактикалық тексеру, оның ішінде онкологиялық ауруларды 
анықтауға бағытталған мақсатты тексеру барлық тұрғындарды қамтуы 
тиіс.
Кез келген онкологиялық диспансердің жұмыс бағытының ең 
маңызды саласы – рак ауруы диагнозының кеш қойылу оқиғаларын са-
раптау. Осындай оқиғалардың себептерін зерттеу, диагноздың өте кеш 
қойылуына науқастардың онкологиялық диспансерге тым кеш қаралуы 
(40-55%), аурудың симптомсыз жүруі (35-40%), дəрігердің дұрыс 
диагноз қоймауы (20%) алып келетіндігін көрсетті. Онкологиялық 
аурулардың арасында жүргізілген емдеу-профилактика шараларының 
сапасын анықтайтын көрсеткішке – онкологиялық аурулардың бір жыл 
ішіндегі өлімге ұшырау деңгейі жатады. Қазақстандағы бұл көрсеткіш-
тің деңгейі 38-40%-ға дейін жетеді. Осы көрсеткіштің қалыптасуына 
онкологиялық аурудың нозологиясы ерекше əсерін тигізеді. Есепке 
алынған алғашқы жылы өкпе рагымен ауырған науқастардың 59%, сүт 
безі рагымен ауырған науқастардың 11,5% қайтыс болады. Рак ауруы 
профилактикасының екі негізгі шарты бар:
1. Канцерогендік заттарды зерттеу жəне онымен адамның жа-
насуын тоқтату. Бұл жерде кəсіби канцерогендерді жою мəселесі 


111
қарастырылуы қажет. Осындай еңбек ету ортасы канцерогендік зат-
тармен жоғары дəрежеде ластанған өндірістерде қатаң санитарлық-
гигиеналық бақылау орнатып, жұмысшылар денсаулығын қадағалау 
шараларын барынша сапалы ұйымдастыру жұмыстарын қолға алу 
керек.
2. Қатерлі ісік ауруына алып келетін патологияларды дер кезінде 
анықтап, оларды толыққанды емдеу қажет. 
Осы шараларды жүзеге асыру үшін жалпыға бірдей профилактика-
лық тексерумен қатар, арнайы ұйымдастырылатын мақсатты меди-
циналық тексеру шараларын да сапалы жүргізу керек. Тұрғындардың 
арасында онкологиялық патологияға қарсы бағытталған сақтық 
көзқарасты қалыптастыру үшін санитарлық-ағарту жұмысы барынша 
белсенді жолға қойылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет