310
Дистиллят
– буланған жəне соңында
конденсацияланған мұнай
өңдеу өнімдері
Дистилляция
– буланудың айырмашылығына қарай құрам дас-
тарды ажырату
Дизель отыны
– қайнау температурасы 180-360°С болатын,
мұнай көмірсутектерінің
сұйық қоспасы; дизель қозғағыштары мен
газтрубинді қондырғыларда пайдаланылады.
Изомеризация
– молекуланың өз салмағын өзгертпей, құрылысын
өзгертіп, басқа пішінге өтуі.
Инвестиция
–
белгілі бір өндірісті, өнеркəсіпті дамыту, табыс
көзіне айналдыру мақсатында келісімшартқа отыру, салу (ақшалай
қаржы құю), немесе ұзақ мерзімді салу
Катализ
– химиялық реакция
жылдамдығының өзгеру құбылысы;
ол реакцияға катализатор қатысуымен жəне оның əсерінен реакция-
ның жүру механизмінің өзгеру ерекшелігімен түсіндіріледі.
Қазандық отыны
– жоғары қайнаушы көмірсутектердің қоспасы;
бу жіберетін қазандарда, өнеркəсіптік
пештерде отын ретінде
қолданылады.
Кокс
– жоғары температурада конденсация реакциясы ның нəти-
жесінде түзілетін көміртекті материал
Кокстеу
– кокс жəне жеңіл өнімдер алынатын, қатаң шартта өтетін
гудронның
термиялық крекингі
Конденсация
– 1. Газ күйінен сұйық немесе қатты күйге бірінші
текті фазалық ауысуы; 2. Органикалық химияда тарихи қалыптасқан
əртүрлі өзгешеліктері бар реакциялар тобының атауы.
Қалдықтар
– технологиялық процестен
шығатын оның материал-
дық жəне энергетикалық балансын есептегенде кіретін, ал шикізат не
мақсатты жəне жанама өнім болып табылмайтын заттар.
Достарыңызбен бөлісу: