88
тайды. Жылу өткізу коэффициенті көп жағдайда температураға
теуелді. Газ жəне буларда температура өсуімен жылу өткізгіштік
күшейеді, ал сұйықтарда кемиді.
Мұнай өнімдерінің жылу сыйымдылығы температура жəне
тығыздыққа тəуелді, аз дəрежеде
жылу сыйымдылыққа, сонымен бірге
мұнай фракциясының химиялық құрамы да əсер етеді. Ең көп жылу
сыйымдылық – алкандарда, ал ең аз
жылу сыйымдылық ароматты
көмірсутектерде. Əртүрлі мұнай өнімдеріне бірдей жылдамдықпен
жылу өткізсе, жылу сыйымдылықтары аздары біршама төмен
температурада қызады.
Меншікті жылу сыйымдылық °С дегеніміз –
1°С-та 1 кг затты қыздыруға кететін жылу мөлшері, өлшем бірлігі,
Дж/кг °С.
Сұйықтар жəне булар үшін энтальпия бөлінеді. Сұйықтар
энтальпиясы дегеніміз – 1 кг затты 0°С-ден берілген температураға
дейін қыздыруға кететін жылу мөлшері.
Бұл шама булану жылуына,
сол сияқты химиялық құрамға жəне қысымға теуелді болады.
Қысым
неғұрлым жоғары болса, булану жылуы соғұрлым төмен.
Жану жылуы дегеніміз –
зат толық жанған уақытта кететін
жылу мөлшері, өлшем бірлігі сұйықтар жəне қатты отындар үшін
ккал/кг жəне газ тəрізді отындар үшін ккал/м
3
.
Жану жылуы төменгі
жəне жоғары жану жылуы деп бөлінеді.
Жоғары жану жылуы жаққан
уақытта түзілетін су буларының суға конденсациялануына кететін
төменгі жану жылуынан айырмашылықтары болады. Жоғары жану
жылуы кезінде отынды жаққанда су булары конденсацияланбайды.
Олар түтін газдарымен бірге шығарылады. Жану жылуы газдар
үшін реактивті жəне қазандық отындары үшін
маңызды шама болып
табылады. Мұнайдың реактивті жəне қазандық отындарының жану
жылуы 9800-10300 ккал/кг болады.
13-кесте
Достарыңызбен бөлісу: