85 16-есеп . Масағы ақ, қылтанақты өсімдік гомозиготалы
қылтанақсыз қызыл масақты өсімдікпен будандастырылған. Сонда:
а) Ғ
1
-дегі өсімдіктердің; ə) Ғ
1
-дегі буданды қылтанақты ақ масақты
ата-анасымен қайта будандастырғанда алынатын ұрпақтың; б) Ғ
1
-
дегі буданды қылтанақсыз қызыл масақты ата-анасымен қайта
будандастырғанда алынатын ұрпақтың фенотиптерін анықтау керек.
17-есеп . Қылтанақсыз қызыл масақты бидайдың сортын қыл-
танақты ақ масақты сортымен будандастырғанда ¼-і қылтанақсыз
қызыл масақты, ¼-і қылтанқсыз ақ масақты, ¼ -і қылтанақты қызыл
масақты, ¼-і қылтанақты ақ масақты ұрпақ алынған. Ата-аналық
өсімдіктердің генотиптерін анықтау керек.