260
биіктік шамаларын беру
. Көп қабатты ғимараттарда немесе
қабатты құрылымдарда монтаждау деңгейіне конструкция-
ларды монтаждау жұмыстарын геодезиялық істермен қамтама-
сыз ету үшін бастапқы деңгейде осьтерді бекітетін тірек
нүктелері шығарылуы керек. Монтаждау деңгейінде мұндай
нүктелер геодезиялық негіз торын құрайды. Монтаждау дең-
гейіне шығарылушы тірек нүктелерінің саны, ғимарат немесе
құрылымдардың пландағы өлшемдеріне (көлеміне, аумағына)
жəне құрылыс-монтаждау үрдісінің технологиясына байланысты
болады.
Бастапқы деңгейден монтаждау деңгейіне қадалау осьтерін
проекциялау ең көп тараған екі əдіспен атқарылуы мүмкін: көлбеу
немесе тік проекциялау əдістері.
Көлбеу проекциялау əдісі
дегеніміз – теодолитпен тік жазық-
тық құру болып саналады. Айталық,
АА
/
қатарында орналасқан
А
/
нүктесін (144-сурет)
МNP
монтаждау деңгейіне шығару
керек. Ол үшін теодолитті
А
нүктесіне орнатып,
АА
/
қадалау
осі бағытымен бағыттайды. Осымен бір уақытта үштағанға
орнатылған көзде гіш
А
//
маркасын
МNP
монтаждау деңгейінде,
жобамен қадалау осі қатарына, сыртқы қабырға жазықтығынан
50 метрдей қашықтыққа орнатады. Əрі қарай алидаданы бекітіп,
теодолит дүрбісін тік жазықтықта бұрып,
А
//
маркасының тұсына
Достарыңызбен бөлісу: