265
Панельдің жоғары жақтары бір жазықтықта, жобалық бір
биіктікте жатуы үшін арнаулы лай қоспасын (5), сонымен бірге
панель астына (керек болса үстіне) металл немесе ағаш төсеніш-
маяк (3) салады. Төсеніштің қалыңдығын нивелирлеу нəтижесін
жəне панельдің нақтылы биіктігін пайдалана отырып есептейді.
Ішкі панельдердің план бойынша орнату дəлдігін арттыру үшін
алдын ала панель ішіне пісіріліп бекітілген немесе деңгейлік
жабу панельдеріне бекітілген тиянақ-ұстағыштарды (2) пайда-
ланады. Тиянақ ұстағыштардың арасындағы саңылау панельдің
қалыңдығынан 3
мм
артық болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: