Готфрид Бенн (1886-1956) - ұлы неміс ақындарының бірі, экспрессионизм өкілі, шіркеу діндарының баласы. Бенн Марбургте германистиканы, Берлинде медицинаны оқып, кәсіби психиатр, венеролог болған. Оның алғашқы өлеңдер жинағы «Мүрдехана» (1912) аталып, онда адамдардың өліктері суреттеледі. Беннің өлеңдерінде («Аңырап жатқан қатындардың палатасы», «Тән», «Доктор») адамның өлімнен кейінгі тіршілігі сипатталады.
Г. Беннің дүниетанымының қалыптасуына атақты әйел ақын, прозаик Эльза Ласкер-Шюллер (1869-1945) айтарлықтай әсер етеді. Ол соғыс жылдары дәрігер ретінде қызмет атқарып, поэтикалық сұмдықтардың шындыққа айналғанына куә болады. Г. Бенн өмірінің соңына қарай танымал болып, оның шығармалары ел арасында кеңінен таралады.
Достарыңызбен бөлісу: |