Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар
Дүниежүзілік соғыстардың Ұлыбритания әдебиетіне әсері.
ХІХ ғасырдың аяғында әдебиетке қадам жасаған ақын-жазушылар.
Гернард Шоудың шығармашылығы.
Джеймс Джойстың «Улисс» атты шығармасы.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ұлыбритания әдебиеті.
Германия әдебиеті
ХІХ ғасырдың соңына қарай неміс жазушылары өздерінің еуропалық көршілеріне қарағанда әлде қайда артта қалған болатын. Біріншіден, онда Э.Золя мен Т.Гардиға тең келетін талантты суретшілер болмады. Екіншіден, сол кездегі неміс жазушылары кішігірім бір аймаққа тән мәселелерді шешумен ғана шектеледі. Туған елдің әдебиеті деп аталатын ұғым жазушылардың тек өздері туып-өскен жердің күнделікті тіршілігін суреттеуімен байланысты. Бұл әдебиеттің негізгі мақсаты қарапайым шаруа мен жұмысшыны капиталистік қоғамның қысымынан қорғау болып табылады.
«Туған елдің әдебиеті» деген ұғым «Туған ел» журналының редакторлары Фридрих Линхард пен Адольф Бартельсонның мақаласында алғаш рет қолданылады. Олар өздерінің мақалаларында жазушыларды үлкен қалалардан кетіп, ауылды жерлерге баруға шақырады. Беллетрист Людвич Гангховер мен Родольф Герцог өз шығармаларында оқырмандарға нағыз ауыл өмірінің тыныс-тіршілігін баяндап береді. Осы бағыттың жақтаушысы Густав Френсен өзінің 1901 жылғы «Иерн Ульф» атты романы арқылы елеулі жетістікке жетеді. Бұл романда қалаға келген шаруа отбасынан шыққан жасөспірімнің басынан өткен шытырман оқиғалары әңгіме болады.
Клара Фибихтың «Өз анамның ұлы» (1906) атты романында Рейн облысындағы ауылдық өмір мен ондағы әдет-ғұрыптар суреттелген. Людвиг Томның «Андрес Фест» (1905), «Бойдақ» (1911), «Дөрекі» (1922) атты романдарында баварлық шаруалардың ұжымдық портреті шебер суреттелген. Онда жазушы кейіпкерлердің қайраттылығы мен қыңырлығын, дүниеқоңыздығы мен байлыққа деген құштарлығын көрсеткен. Аталған авторлардың ешқайсысы күнделікті тіршілікті суреттеуден асып шыға алмады. Олар жеке тұлғаның қасиеттері мен даралығын ескерместен ұлттық батырдың бейнесін құруға ұмтылады. Әлеуметтік-философиялық тұрғыда ойлануға олардың батылдары жетпеді.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін соғыс экспрессионизм бағыты белең ала бастайды. Экспрессионистердің негізгі эстетикалық ұстанымы шындыққа еліктемей, оған деген ашуды білдіру болды. Әдебиет саласында эксперссионизм лирикалық кейіпкердің күйзеліс кезіндегі көңіл-күйін жеткізуге тырысқан ақындар тарапынан қолдау көреді. Экспрессионизмге жақын драматургтер мен суретшілер өнерде де, өмірде де бүлік шығаруға жандары құмар болған. Олардың шығармаларында буржуазиялық шындық карикатурамен беріліп, олар өздерінің ойын жанжалға толы тәсілдермен жеткізудің жолдарын іздеді.
Әдебиет саласына соғыс пен төңкерісті бастарынан кешірген Эрих Мария Ремарк, Людвиг Ренн, Бертольд Брехт, Бернгард Келлерман, Арнольд Цвейк сынды ақын-жазушылар келе бастайды. Әдеби бағыттар мен жанрларда да біршама өзгерістер байқалады. Соғыстан кейінгі жылдары жазушылар өздерінің бастарынан кешкен оқиғаларды дәл әрі анық суреттейді. Реалисттік роман жанрлардың арасында айтарлықтай басымдылыққа ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |