Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет107/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Джеймс Джойс46 (1882-1941) – модернизмнің атасы, модернизм энциклопе­дия­сы деп танылып, жазушыға әлемдік даңқ алып келген «Улисс» романының авторы. ХХ ғасырда Дж. Джойс өзінің «Улисс» атты шығармасында өзі шығарған көркем бейнелеудің жаңа прин­цип­терін пайдалана отырып, тұрмыс­тың әмбебаптылығын және адам мен әлемнің үлгісін жаса­ды. Джойс өзінің тәжірбиесінде адамның соқыр сезіміне терең үңіле отырып, «ойлау ағымының» көмегіне жүгінеді. Ол дәстүрлі классикалық роман құрылымынан бас тартып, жаңаша мазмұндау тәсілін құрады. Экспозиция мен бірізді дамитын сюжет, портрет пен суреттеуден Джойс бас тартады. Ол өзінің мақсаты ретінде тұрмыстың негізгі заңдарын жан-жақты суреттеп, адамның табиғатына тән инстинкт, құмарлық және ниет сияқты қасиеттерін толық көрсетеді. «Улисс» романында кеңістік – Дублин, ал уақыт ұзақтығы – таңертеңгі сегізден түңгі үшке дейінгі аралық. Роман «Телемахида», «Уллистің саяхаты», «Қайта оралу» атты үш бөлікке бөлінетін 18 эпизодтан тұрады. Джойс роман­ның қолжазбасында әрбір эпизодқа атау берген.

Джойс Ирландия астанасы Дублинде дүниеге келген. Мұнда оның балалық және жастық шағы өтеді. Осы кезде Ирландия өзінің тәуелсіздігі үшін Англиямен күрес жүргізеді. Джойс Ибсен мен Гауптман драматургиясына, Метерлинктің театрына, Вер­лен­нің поэзиясы­на асқан қызығушылық танытады.

Джойс әр түрлі жанрдағы шығармаларды дүниеге әкелген. Ол өлеңдер («Камералық әуен», 1907; «Әзіл үшін берілген пенни», 1939), әңгімелер («Дублиндіктер», 1914), романдар («Жас кездегі суретшінің портреті» 1916; «Улисс» 1922) мен пьесалар («Ас беру» 1939, «Қуғындалушылар» 1918) жазған. Джойс ХХ ғ. алғашқы онжылдығында жазған мақалала­рын­да театр мен драматургия, өнер мен өмірдің арақатынасы және «әдебиет» пен «өнер» ұғымдары жайлы жазады. Бұл мақалалардан («Ибсеннің жаңа драмасы» 1901, «Жиын күні» 1901, «Каталина» 1903, «Оскар Уайлд: Саломей ақыны» 1909) жазушының өмірлік ұстанымы мен эстетикалық көзқарастары туралы білуге болады.

Джойс роман құрылымының дәстүрлі түсінігінен бас тартып, ХХ ғасырдағы әдебиет тарихында әрқашан баяндаудың жаңа түрін іздеуші жазушы ретінде қалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет