Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет103/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Арман Ланудың (1913-1983) трилогиясы «Майор Ватрен» (1956) атты романынан бастау алады. Онда неміс басқыншыларының француз әскерін талқандаған кезі, яғни 1940 жылдың мамыр айында орын алған оқиға суреттел­ген. Ланудың жазушы ретінде қалыптасуына Золяның қосқан үлесі зор болды. Трилогияны «Брюгтегі кездесу» (1958) және «Теңіз кері шегінген кезде» (1963) романдары жалғастырады. Толстой Лануды ұлы эпопеяны жасаушы ретінде жоғары бағалап, қоғамдық-саяси өмірге аралысып жүріп, өз шығарма­шы­лы­ғын жемісті еткен жазушылардың қатарына қосады.

Соғыстан кейінгі жылдарда орын алған жағдайлар салыстырмалы түрде жазылған шығармалардың бірі ретінде Жан Пьер Шаброльдің (1925-2001) «Соңғы патрон» (1953) атты романын ерекше атап өтсе болады.

«Жаңа роман» жасаушылар «жаңа реализм» жасады. Роб-Грийе үшін шындықтың негізі мәтін болған. Натали Саррот өз психологиясына сай жан дүниенің жасырын қозғалы­сы «тропизмдер» мен қолға ілінбейтін жаңа дүниелерді іздеді. «Неороманис­тердің» мәтінмен және романдық үлгілермен жасаған күрделі ойындары оларды оқырмандардың кең шеңбе­рі­нен алыстатты. Уақыт көрсеткендей өмір тұрақты­лы­ғына «сандырақ театр» мен «антидрама» классигі Эжен Ионесконың тосын пікірі ие болады. Күлкі шебері өз сатирасының көмегімен адамды қармап алған жалғыздық пен күйзелісісті, қорқынышты жеңуге шықырады. Зиялы оқырмандарды өзіне тартып, көпшілік оқырмандарға арналған жал­пы әдебиет қана өміршеңдігін сақтап қала алды. Ел арасында кеңінен таралып, үлкен сұранысқа ие болған шығармаларды дүниеге әкелген француз жазушыла­рының ішінде Анри Труайя («Эгель­тердің отбасы», 1965-1967 ж. топтама), Морис Дрюон («Қарғыс алған патшалар», 1955-1960 атты тарихи романдар топтамасы), Француаза Саган («Капитуляция туралы дабыл» 1965, «Суық судағы болма­шы күн», 1969 романдары), Ромен Гари және басқа да бір қатар жоғары деңгейдегі беллетристер болған. Осы шығарма­лар­дың барлығы да стильдің айқындығы, сюжетінің маңыздылығы арқылы ерекшеленіп, онда ұрпақтар мен отбасы мүшелері және бір-біріне ғашық жан­дар­дың арасында өрбіген қарым-қатынастар суреттелген.

60 жылдары адамдардың жай-күйі мен әлеуметтік-психологиялық жағдай­лар Кристин Рошфордың «Ғасыр немерелері» (1961), Жорж Перектің «Бұйым­дар» (1965), Симон де Бовуардың «Керемет суреттер» (1966), Жан Луй Кюртис­тің «Жас жұбайлар» (1967) кітабы мен Эльза Триольдің «Ай саябағы» (1959), «Несиеге берілген райхан гүлі» деген екі бөлімді «Нейлон ғасыры» трилогия­сында суреттеледі.

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы француз прозасында ХІХ ғасырдың классикалық реализмінің дәстүрлері өмір сүруін жалғастыра береді. Олар адамдардың қазіргі замандағы орны мен ролін, оның ерекшеліктеріне мән беруге арналады. ХХ ғасырда өмір сүрген Роберт Мерль, Эрве Базен, Жюльен Грин, Бернар Клавель, Франсуа Нурисье, Жозе Кабанис секілді француз жазу­шыла­рының шығармашылықтарында классик жазушылардың дәстүрлері­мен байланыс сақталған. Осы дәуірге жататын атақты ақын-жазушылардың қата­рына ағылшын, француз тілдерінде жазып, Гонкуровтық сыйлыққа ие болған Ромен Гари (1914-1980), «аб­сурд театры» мен «антидраманы» дүниеге әкелген Эжен Ионесконы (1912-1994), франко-ирлан­дық драматург, романист, бірнеше өлеңдер мен әңгімелердің авторы Сэмюел Беккетті (1906-1989), «жаңа романның» негізін салған теоретик Ален Роб-Грийені (1922), «француз тілінің сиқыршысы» атанған Натали Саррот (1900-1999) пен «жаңа романды» құрған жазу­шылардан кейінгі буынға жататын Жан Марри Гюстав Леклезионы (1940), қазіргі француз әдебиетінің классигі атанған Патрик Модианоны (1945) жатқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет