1910-1945 жылдардағы ақын-жазушылардың шығармашылығындағы басты тақырып.
Франция мен Ресей жазушыларының ортақтығы
Франция әдебиетінің кезеңдері.
Соғыстан кейін пайда болған «жаңа реализм» туралы не айта аласыз?
60-жылдардағы трилогиялар.
Ұлыбритания әдебиеті 1910-1945 жылдар аралығында Ұлыбритания әдебиетінде орын алған елеулі өзгерістер Бірінші дүниежүзілік соғыспен және оның салдарымен байланысты болады. ХІХ ғасырдың аяғында әдебиетке қадам жасаған Бернард Шоу, Герберт Уэллс, Джон Голсуорси, Арнольд Беннет сынды жазушылармен қатар жаңа прозаик, ақындардың есімі жарыққа шығады. Олардың ішінде Джеймс Джойс, Томас Стернз Элиот, Вирджиния Вулф, Дэвид Герберт Лоуренс сынды жазушы-модернистерді ерекше атап өтсе болады.