Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет100/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Жан Поль Сартр (1905-1980) философ әрі жазушы, атеистік экзистен­циа­лизмнің өкілі ретінде танымал болған. Оның шығармашылық ерекшелігін «Жүрек айнуы» (1938) атты романы мен «Еріндік жолы» (1946-1949) трилогия­сынан, «Қабырға» (1939) атты әңгімелер жи­на­ғы мен «Шыбындар» (1943), «Жерлеусіз қалған өліктер» (1946) атты пьесаларынан, соны­мен қатар «Әңгіме» (1964) атты автобиографиялық туындысы мен Г. Флобердің балалық шағы туралы еңбегіннен («Отбасылық ақымақ, 1972») көруге болады. Сартр жоғары педагогикалық білімді (Эколь Нормаль) Парижде алады, армияда қызмет етіп, Гавр лицейінде философиядан дәріс берді. Сартрдың негізгі философиялық еңбек­те­ріне «Қиял» (1936), «Сезім теориясының нұсқасы» (1939), «Болмыс және тұл» (1943), «Экзистенциализм бұл гуманизм бе?» (1946), «Диалектикалық ақыл-парасатқа сын» (1960) атты шығармаларын жатқызуға болады.

Сартр Екінші дүниежүзілік соғыста Қарсыласу қозғалысына қатысып, соғыстан кейінгі жылдары бейбітшілік үшін күрес жүргізеді. 60 жылдардың соңына қарай жастар қозғалысына белсене қатысады. 1964 жылы Сартрға Нобель сыйлығы беріледі, бірақ ол одан бас тартады.

Экзистенциализмнің негізгі принциптері Сартрдың «Болмыс және тұл» атты еңбегінде көрініс табады. Бұл шығарма «Жүрек айнуы» атты романмен байланысты. Бұл романдарда адамның өз таңдауы мен құқығы, оның бостандығы мен адам болмысы туралы жазылады. «Жүрек айнуы» атты рома­нын­да оқиға Антуан Рокантеннің атынан баяндалады. Сартрды Рокантен­нің дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы мен оның қоршаған ортамен байланысы қызықтырады. Антуан жалғыздықты ұнатып, өзіне деген сенімділікті жоғалтып, әр бір іске күмәнданады. Ол біршама жұмыс бастағаны­мен, оны аяғына дейін жеткізе алмай қиын­шылдықтарға тап болады. Ол өз-өзін жек көріп, үрейлене бастайды. Шығарманың соңында кейіпкер өз-өзін түсініп, дүниенің кілтін тапқандай болады. Сартрдың философиясы және көркем туындылары өз замандаста­рының еңбектеріне айтарлықтай ықпал етеді.

Альбер Камю (1913-1960) - прозаик, драматург, эссеист, философ-экзсистенциалист. Жазушының дүниетанымына Кьеркегордың, Ницше мен Хайдеггердің, әсіресе Достоевский­дің шығармашылығы көп әсерін тигізеді.

Камю Алжирде дүниеге келген. Әкесі француз Люссен Камю фермада жұмыс істеген. Ол Соғыстың бас кезінде Марне шайқасында қайтыс болады. Жесір қалған испандық Катрин Камю жетім қалған екі ұлын өзі тәрбиелейді.

Камю қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, 1934 ж. Франция компартиясының Алжир секциясына мүше болады, фашизмге қарсы халықа­ралық қозғалыстың жұмысына да араласады. Осы кезде алғашқы эсселерін («Келбет және ішкі әлем», «Алжирдің жазы» және т.б.) жазады. 1940 ж. Камю Париждегі «Парисуар» газетіне редакторлыққа шақыры­лып, Алжирден Францияға қоныс аударады. Парижге неміс басқыншыларынан бұрын келіп, соғыс жылдары «Камба» ұйымына мүше болып, фашистерге қарсы қозғалысқа қатысады. Соғыс жылда­рын­дағы қиыншылыққа қарамай, Камю 1940 ж. «Бөтен» атты романын аяқтап, 1941 ж. «Сизиф туралы миф» атты эссесін басып шығарады. 1947 ж. «Гумма» романы, 1951 ж. «Бүлік шығар­ған адам» трактаты, 1956 ж. «Құлдырау» повесі жарық көреді. 1957 ж. Нобель сыйлығының лауреаты атанады.

Камюдің шығармаларында негізінен адам баласының тыныс-тіршілігі мен оның әділетсіздікке қарсы күресі, бостандыққа деген ұмтылысы сөз болды. 1944 жылы Камю «Неміс досыма хат» атты эсселер жинағын аяқтайды. Ол өзінің бұл шығармасында адамзат баласының әлемде болып жатқан құбылыс­тар­ға тікелей жауапты екенін ескертеді. Жазу­шы­ның бұл көзқарастары оның «Оба» атты романында да көрініс табады. Оның «Бүлік шығар­ған адам» атты трактаты философиялық тұрғыда жазылса, 50-жылдары жарық көрген шығар­ма­ларында адам мен табиғаттың байланысы көрсетілген. Камю «Құлдырау» атты повесінде екіжүзділік пен жалғандықты, өзімшілдікті қатты сынға алады. Камю өз шығармаларында ХХ ғасырда туындаған философиялық мәселелерді оқырман назарына ұсынып, оны шешу жолдарын қарастыруға шақырған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет