Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет99/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Ромен Роллан (1866-1964) Бірінші дүниежүзілік соғыс басталмай тұрып-ақ романист, драматург, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің өмір жолын зерттеуші, әдебиет, сурет және театр туралы мақалалардың авторы ретінде кеңінен танылады. Ол 1890 жылдан бастап «Сенім қасіреті» және «Төңкеріс театры» деп аталатын драмалық шығармаларын жарыққа шығарады. 1915 ж. Роллан Нобель сыйлығының лауреаты атанады. Ол өзін саясаттан аулақ ұстап, үнді философиясы мен Гандидің іліміне қызуғышылық танытады. Алайда көп ұзамай Роллан қоғамдық-саяси өмірге араласып, соғысты бастағандарды өткір сынға ала бастайды. Оның сөздері бүкіл Еуропаға тарап, өзінің «рухтардың тәуелсіздік декларациясы» атты мақаласында Еуропа зиялыларын бір тудың астына бірігіп, рухани бостандық үшін күресуге шақырады. Қазіргі әдебиеттануда Ролланның «Тамсандырған жан» атты романы тарихи, әлеу­мет­тік-психологиялық және отбасылық романдардың элемент­терінен тұратын роман-ағын түрі­не жатқызылады.

Франсуа Мориак (1885-1970) француз әдебиетінің классигі, әлеуметтік-психологиялық және жанұялық-тұрмыстық романдардың шебері, драматург, публицист және әдеби сыншы ретінде де танымалған болған. Ол - француз Академиясының мүшесі, Нобель сыйлығының лау­реа­ты (1952). Мориак­тың шығармашылығы реалистік әдебиетте дамыды. Бальзактың дәстү­рін жал­ғастыра отырып, Флобер, Достоевский, Прусттың еңбектерінен нәр алған. Мориак «әлем­нің ұлы роман жазушысы» деп Толстойды атаған.

Франсуа Мориак ауқатты буржуазиялық отбасынан шыққан. Оның балалық шағы Бордо қаласының маңында орналасқан жерде өтеді. Жанұясында католиктік тәрбие алып, кейін католиктік мектеп пен колледжді бітіріп, католицизм бағыттарының бірі янсенизмді мең­гереді. Мориак туындыларында француз провинциясының өмірі суреттелген. Бордоның ауасы мен желі, биік қарағайы, орманы мен құмы, ондағы тыныштық пен жалғыздық оған тансық болмаған. Оның «Дұға үшін жайылған қолдар» (1909), «Жастықпен қоштасу» (1911), «Тереза Дескейру» (1927), «Жылан иірімі» (1932), «Ешқайда апармайтын жол» (1939) сияқты еңбектері белгілі.

Мориак ХХ ғасырдағы Францияның ұлы жазушыларының бірі ретінде танымал бола отырып, өзінің адамға деген үмітін ешқашан жоғалтпайды. Оның адамзатқа деген үміті мен сенімділігі жазушының еңбектерінен айқын көрінеді.

Андре Жид (1869-1951) - психологиялық прозаның асқан шебері. А. Жид «Әдепсіз» (1902), «Ватикан зынданы» (1914), «Жалған ақша жасаушылар» (1925) атты роман­дар мен Достоевский туралы еңбектердің («Достоевский», 1923), «КСРО-дан оралу» (1936) атты кітаптардың авторы ретінде танымал болған. А. Жидтің шығар­ма­шы­лығында жеке тұлғаны азат ету, оның бостандықтары мен құқықта­ры басты орынға ие. Оның «еркін таңдау» идеялары француз әдебие­тін­дегі экзистенциализм бағытының негізін салушы ретіндегі жазушы деп қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет