Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет126/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Элио Витторинидің (1908-1966) «Адам мен жауыз» (1945) атты романы италия әде­бие­тінде жауға қарсы күресу манифесіне айналады. Витторини шығармашыларындағы кейіп­керлер жарқын болашаққа деген үмітінен айырылған қарапайым адамдар болса да, өздерінің бойынан қатыгездік пен жауыздыққа қарсы тұруға күш-жігер табатын («Ұсақ буржуазия» (1931) әңгімелер жинағы, «Қызыл қалампыр» (1934) повесі, «Мессиндік әйелдер» (1949) атты романы). Жазушының «Сицилиядағы әңгіме» (1941) повесі ел арасында кең таралады.

Италиялық неореализмнің атақты жазушысы Васко Пратолини (1913-1991) Флорен­ция­­да қарапайым жұмысшының отбасында дүниеге келген. 30-шы жылдардан бастап журна­листік қызмет атқарады. Оның алғашқы еңбектері «Магадзини көшесі» (1942) атты повесі мен «Құрбы достар» (1943) атты өлеңдер жинағы оның кейінгі шығармашылығының негізгі бағытын анықтап береді. Жазушы өзінің «Квартал» (1945) романында жауға қарсы күреске қатысқан жас жұмысшылардың бейнесін жасайды. Пратолинидің ең маңызды шығармасы­ның бірі «Бейшара ғашықтар туралы повесть» (1947) атты романы жазылады. Шығармада орын алған оқиға 20-шы жылы болады. Онда Флоренцияның кедей ауданындағы тұрғындар­дың өмір салты мен фашизмге қарсы күресі бейнеленген. Оқиға Виа дель Корно көшесінде өрбиді. Басты кейіпкерлері – баспашы Марио мен қызы Милена, егінші Уго мен ұста Мачис­те. Олардың барлығы Виа дель Корно тұрғындарымен тығыз байланысты, олар бір-біріне жалғыздықты жеңуге көмектеседі.

Васко Пратолинидің романы – италиялық неореализмның жарқын үлгісі. Романда халықтық бейнесі мен өмір сүру салты, олардың қалыптасқан түрлі ережелер мен сансыз саяси тәртіпке қарсы күресі суреттелген. Романда халық өз күшіне сеніп, ақырында үлкен жеңіске жетеді.

Ешқандай әдеби бағытқа жатпайтын Дино Буццатидің (1906-1972) шығармалары да ел арасында кең танылған. Буццати Кафканың дәстүрін жалғастырушы ретінде үлкен сынға алынады. Ол фантастикаға сүйене отырып, адамның шынайы өмірі мен күнделікті тұрмы­сын­­да кездесетін қиындықтар жайлы жазған.

Буццати Венето провинциясында дүниеге келген. Миланда өмір сүріп, сонда жұмыс істеген. Оны саясат қызықтырмаған. Мамандығы заңгер Буццати 1928 ж. бастап Миландық газеттің баспасында қызмет атқарады, өзінің журналистік кәсібін қатты ұнатады. Ол өзінің «Таудан келген Барнабо» (1933), «Көп жылғы орманның құпиясы» (1935) атты романда­рын­да, «Татар шөлі» (1939) мысал-романында, «Жеті қуғыншы» (1942) фантастикалық новелла­сын­да, «Аюлардың Сицилияға жасаған әйгілі шабуылы» (1960) сынды шығармаларында фантастикалық оқиғаларды баяндайды. Ол - тосын пікір мен әсірелеудің асқан шебері. Оның таңғажайып әңгімелері адамнан басым түсетін қорқынышты шындықтың бейнесі мен ғылыми-техникалық өрлеудің «зұлым күштеріне» тәуелді әлемнің бейнесін суреттеді.

Италия әдебиетіндегі постмодернизм жазушы, философ, ғалым, семиотик әрі сыншы Умберто Эконың (1907-1990) шығармашылығынан көрініс табады. Жазушы өзінің шығар­ма­ларында («Ашық шығарма», 1962; «Джойстың поэтикасы», 1966; «Жалпы семиотика бойын­ша трактат», 1975) постмодернизм мәселелеріне тоқталады. «Раушан есімі» (1980), «Фуко жол көрсетушісі» (1988) атты Эконың романдарына философиялық сипат тән. Автор бұл романдарды жаза отырып, мәдениет пен сананың дамуын көрсеткісі келеді. «Раушан есімі» романында әлемнің ғарыштық үлгісі суреттеледі, ал «Фуко жол көрсетушісі» романында еуропалық сананың дамуы бейнеленген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет