Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



бет128/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар


  1. ХХ ғасырда Италия әдебиетінің жалпы жағдайы және ондағы пайда болған бағыттар.

  2. Италия әдебиетінде футуризм бағытының дамуы және оны ұстанған жазушылар.

  3. Веризм бағытын ұстанған жазушылар және олардың шығармашылығы.

  4. 1945-1990жылдардағы әдебиет. Неореализм бағыты.

  5. Умберто Эконың шығармашылығы.


Испания әдебиеті

Қайта өрлеу дәуірінде әлемге Сервантесті таныстырып, Гонгори, Кеведо, Кальдерон, Лопе де Вега шығармашылықтары арқылы ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы поэзия мен драматургияны дүниеге әкелген испан әдебиетінің гүлдену кезі келмеске кеткен. Дегенмен ХХ ғасыр баста­лы­сымен испан әдебиеті Еуропа әдебиетінде маңызды орынға ие болады. Оған елде болған маңызды оқиғалар да әсер етеді.

ХХ ғасырда Испания испан-америка соғысында жеңіліс тауып, өзінің отарлары мен бұ­рынғы күшінен айрылған болатын. Бұл оқиға 1898 жылы орын алғандықтан, «98 жылдың ұрпақтары» атанған жазушылар Мигель де Унамуно, Пио Барохи, Антонио Мачадо, Хуана Рамона Хименесо шығармашы­лық­тары осы кезеңмен байланысты болады.

1898 жылдан кейін Испания экономикалық және саяси дағдарыс кезеңіне тап болады. Эко­номикалық тоқырау кезінде шаруалар мен жұмысшылар ара­сын­да толқулар басталып, бір­қатар елдерде (Катамония, Баск елдері) ұлттық авто­но­мия үшін күрестер жүріп жатты. 1923 ж. Испаниядағы төңкерістен кейін Примо де Ривераның әскери-монархиялық диктату­расы орнады. Ол 1930 ж. дейін созылды. 1931 ж. монархия құлап, буржуазиялық республика орнайды. Осы жағдайда таптық қақтығыстар ұлғайып, ел ішіндегі фашизимге қарсы бағыт­талған, азаматтық ұлттық-революциялық соғысқа айналады. 1936-1939 жылдары болған азаматтық соғыс генерал Франконың фашистік диктату­ра­сы­ның орнауымен аяқталады.

Испан әдебиеті осында үлкен апаттар мен мәдениеттің жойылуы, интелли­генция мен еркін ойлаушылардың қудалануы кезінде өмір сүруін жалғасты­рады. Сол тұстағы әдебиет елдің тарихына қайта үңіліп, болашаққа деген сенім шырағын жағып, халықтың даналығы мен күш-қуатына деген сенімді күшейту­мен болған.

ХХ ғасырдың алғашқы жартысында «98-ші жылдың ұрпағына» жататын жазушылардың шығармашылығы испан әдебиетінде белең алған ең маңызды құбылыс болады. Бұл жазушылар сыни реализм канондарына қатаң бағынатын, дәстүршіл аға буын өкілдеріне өздерін қарсы қойды. Олар шығарманың стилі арқылы автордың өзіндік ерекшеліктерін көрсетуге тырысады. Натуралистер өз кейіпкерлерінің бойындағы ата-бабала­ры­нан алған қасиеттеріне үлкен мән берген болса, олар керісінше өз кейіпкер­лерін қоршаған ортаның әсеріне берілмейтіндей етіп бейнелейді. Қарапайым адамдардың өмірін суреттеуде олар испандықтарға тән ержүректі­лікті ашып көрсетеді. Оларды ұлттық психологияның негізі қызықтырып, халық пен отан тақырыбы үлкен маңыздылыққа ие болады. Елде болып жатқан оқиғалар философиялық роман мен лирика жанрын ұстанған испандық жазушылардың шығармашылы­ғында көрініс табады.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында авангардтық ағым пайда болады. Алғаш­қы­лардың бірі «креасьонизм» (испанша crear - жасау) болған. «Креасьо­низм­нің» эстетикалық ұстаным­дары мен оның артынша пайда болған «ультраизм» (латынша ultra – шегінне тыс, тысқары) француздық авангардтың, сюрреа­лизмнің ықпалымен қалыптасады.

Уақыт өте «Креасьонизм», «ультраизммен» байланысы жоқ «таза» ақындар тобы құры­лады. Оларды кейде «университеттік ақындар» немесе «академик ақын­дар» деп те атады. Олардың ішінде француз поэзиясын аударған әйгілі ақын, әрі филолог – Хорхе Гильенді ерекше атап өтсек болады. Оның метафорасы күрделілігі жағынан Гонгор поэзиясына ұқсас. Оның алғашқы өлеңдері 20-шы жылдары басылып шыға бастайды. Гильеннің испандық барок­ко поэзиясының дәстүріне сүйенуі 20-шы жылдардағы испан әдебиетін­дегі неогон­горизмнің бір көрінісі болып табылады.

1930 жылдан бастап публицистика жанры, яғни памфлеттер, репортаж-романдар, хроникалар, үгіт пьесалары дами түседі. Оған мысал ретінде Сир­валь­дің «Құрылтай жиналыстың белгілері», Бенавидестің «Жерорта теңізінің соңғы теңіз қарақшысы», Альберти мен Эрнандестің пьесаларын келтіруге болады. Сондай-ақ, Асеведтің «Көртышқан», Галанның «Ұйымдастырылған жабайылық», Арондтың «Мінбе» сияқты әлеуметтік романдары жарық көре бастады. Мәдениет қайраткерлерінің бірігуінде 1936 жылы құрылған «Антифа­шисттік интеллигенция альянсі» маңызды рөл атқарады. Жас жазушылардың поэтикалық жинақтары шығарылады («Азаматтық соғыстың романсеросы», 1936).

Өнердің теоретигі ретінде эстетикалық ойлардың дамуына Мадридтағы философия кафедрасын бірнеше жыл басқарған ірі испан философы Ортега-и-Гасет өз үлесін қосады. Тарихи сана философиясы идеясын Ортега-и-Гасет өзінің әдебиет мәселе­сіне арналған еңбек­терінде әрі қарай дамыта түседі. Оған « Дон Кихот» туралы ойлар» (1914), «Прусттың өнеріндегі түр, уақыт және кеңістік ұғымдары» (1924), «Өнердегі көзқарастар туралы» (1924), «Өнерді гуманизациясыздануы» (1925), «Көпшіліктің толқуы» (1928), «Роман жайлы ойлар» (1930) мысал бола алады. Ортегидің еңбектерінде қоғам жайлы әлеуметтік-мәдени анализ әдебиет­тегі дамудың негізгі тенденцияларымен бірігеді. Ортеги-и-Гасетаның экзистен­цио­на­лизмі мен рациовитализмі сол дәуірдегі испандық жазушылардың дүние­та­нымы мен шығармашылығына ықпал етеді.

Испан әдебиетінде 40-жылдары диктаторлық режимге қарсы көңіл-күйлер «тремен­дизм» (исп. tremendo – қорқынышты, жаман) әдебиетінде көрініс табады. Философиядағы экзистенциализмнен негіз алған «тремендизм» әдеби ағым ретінде Камило Хосе Селаның (1916) шығармашылы­ғында, әсіресе оның «Паскуале Дуартенің отбасы» (1942) мен «Ара ұясы» (1943) романдарында көрініс тапқан. Села фашизм кезіндегі адамдардың қорқыныш пен үрейге толы өмірін шынайы көрсете білген.

50 жылдары әдебиетке экзистенциализмді қабылдамайтын жазушылар келе бастайды. Олар өздерінің әдістерін «объективті және әлеуметтік реализм» деп біледі. Осы жылдары бұқара халық пен жекелеген адамдардың сана-сезімі оянып, олардың саяси белсенділіктері арта түседі. Жұмысшылар, студенттер, зиялылар түрлі әлеуметтік, діни, ұлттық сипаттағы режимге қарсы күрестер ұйымдастырады. Хуан Гойтисоло (1931) «Қолдың ептілігі» (1954) және «Жұмақтағы қайғы» (1955) романдарында өзін франкистік Испанияны әшкере­леп, кейін осы тақырыпты «Ерекше белгілер» (1966) романында жалғас­тырады.

Әлеуметтік қайшылықтар Мигель Делибесаның (1920) «Егеуқұрық» (1962), «Мариомен өткен бес сағат» (1966), «Әкелер соғысы» (1975), «Сеньер Кайно кімге дауыс бермек» (1979) атты шығармаларына да арқау болады. Делибестің кейіпкерлеріне өмірдегі қиындықтарды жеңуге көмектесетін қайратты мінез тән. Олар өмірді сүйеді. Басты кейіпкердің ішкі монологын баяндайтын «Мариомен өткен бес сағат» атты романында Делибес психологизм саласындағы өз шеберлігін көрсете білген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет