Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


-бөлім ЖАЛПЫ ФИТОПАТОЛОГИЯ



бет4/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

1-бөлім

ЖАЛПЫ ФИТОПАТОЛОГИЯ




    1. Өсімдік ауруы туралы түсінік


Сау өсімдікте генетикалық ерекшеліктеріне байланысты өзіне тəн физиологиялық қызметтері, яғни клетканың бөлінуі мен дамуы, дифференциациясы, топырақтан суды сорып алуы, оның өсімдікте жəне өсімдік бойымен таралуы, фотосинтез жəне оның өнімнің өсімдік бойымен жылжуы, қоректік заттардың түзіліп, сақталуы жəне т.б. қалыпта жүреді.


Егер өсімдікке ауру қоздырғышы немесе сыртқы ортаның бел- гілі бір қолайсыз жағдайы əсер етсе, онда оның бір немесе бірнеше функциялары қалыптан ауытқып, өсімдік ауруға шалдығады. Өсім- діктің қоздырғышқа алғашқы реакциясы көзге көрінбей, кейін гис- тологиялық өзгерістер болғанда ғана өсімдікте аурудың сыртқы белгілері байқалады.
Залалданған клеткалар мен ұлпалар əлсіреп немесе бұзылып, өсімдіктің дамуы бəсеңдеп, кейде солып, қурайды. Түрлі клеткалар мен ұлпалардың залалдануынан кейбір физиологиялық үдеріс бұ- зылады немесе жойылады. Мысалы, өсімдік тамырының инфек- циялық залалдануы (тамыр шірігі) су мен оның ерітіндісіндегі қо- ректік заттардың топырақтан өсімдікке өтуіне кедергі келтіреді; ксилема түтіктерінің аурулары (ойық жара, вилт) су мен минерал- дық заттардың өсімдіктің жоғарғы бөлігіне таралуын бөгейді; жа- пырақ ауруы – фотосинтез үдерісіне кедергі жасайды; қабықтың залалдануы – фотосинтезде түзілген заттарды өсімдіктің төменгі бөлігіне жылжуына бөгет жасайды; гүлдер залалданса – жемістер түзілмейді; жеміс кеселге шалдықса – жеміс пен тұқым шіриді.
Кейбір аурулар залалданған клеткалар санының көбеюіне (ги- перплазия) немесе көлемінің ұлғаюына (гипертрофия) əсерін тигі- зеді. Соның нəтижесінде залалданған өсімдік мүшесі еріксіз үлке- йіп ісінуі немесе қурап, жойылуы мүмкін.
Өсімдіктің ауруы деп əртүрлі факторлардан клеткалар мен ұлпалардың биохимиялық, физиологиялық үдерістері қалыптан ауытқып, соның нəтижесінде өсімдіктің анатомиялық-морфоло- гиялық құрылымының бұзылуын айтады. Бұл құбылыс өсімдік бетінде дақ, өңез, жара, ісік, шірік жəне т.б. əртүрлі белгілер қал- дырады.
Ең алғаш ауру өсімдікке сипаттама берген А. Франк (1815), Де Кандоль (1832) болды. Өсімдікте өзіне тəн белгілерінен басқа да құбылыстар түзілсе, онда ол ауру болғаны деген көзқарасты кейін- нен көптеген ғалымдар (А. С. Бондарцев, С. И. Ростовцев, В. Ф. Куп- ревич, А. Н. Бухгейм, Э. Стекман жəне т.б.) дұрыс ұғым деп құпта- ды.
Өсімдік өзінің өсіп-өнуіне сəйкес ортада өскен жағдайда, оның вегетативті жəне репродуктивті мүшелерінің физиологиялық қа- рым-қатынастары өзіне тəн болса, онда оны қалыптағы сау өсімдік дейді. Биологиялық тұрғыдан өсімдіктің дамуы, тұқым беруі, осы сорттың түрін сақтауы қалыпта болады.
Сыртқы ортаның бір немесе бірнеше факторы өсімдікке əсер етсе, онда өсімдік өзіне тəн белгілерін жəне физиологиялық үдеріс- терін өзгерте бастайды. Ал практикада бұл баға дұрыс болмауы мүмкін. Мысалы, тозаңқабы үлпек жапыраққа айналған, ал аналы- ғы мүлдем жойылған түкті гүлдер биологиялық тұрғыдан қалыптан өзгеріп, тұқым бермейді. Бірақ гүл өсірушілерге бұл жағдай ұтым- ды, себебі мұндай гүлдердің əсемділік жағы тиімді болып, пайда келтіреді. Сəулетті-гүл өсімдіктерін өсіруде бұл өзгерістерді арна- йы сақтайды.
Сəбіздің жабайы түрінің тамыржемісі жіңішке, қатты, крахмал көп мөлшерде түзіледі, бұл құбылыс биологиялық жағынан қалып- ты деп есептеледі. Егістікте өскен мəдени сəбіздің тамыржемісі етті əрі қантты болғанымен биологиялық жағынан қалыпсыз, ол ауыл шаруашылығында қалыпты болып есептеледі.
Алма мен алмұрт жемісінің бетінде микроорганизмдер əсері- нен түзілетін дақтар болады. Биологиялық жағынан қарағанда бұл жемістер қалыпты деп есептеледі, себебі, ішіндегі тұқымдары сау, өнімі мол болып келеді. Ал ауыл шаруашылығында бұл жемістер ауру деп есептеліп, олардың тауарлық сапасы (бағасы) кемиді.
Сонымен ауруға шалдыққан өсімдіктің физиологиялық үдеріс- терінің өзгеруі (тыныс алуы, ассимиляциясы, транспирациясы, жа- пырақта түзілген органикалық заттардың сабақ пен тамырға кө- шуінің саябырлауы) аурулардың сыртқы белгілерінің білінуімен сипатталады. Бұл өзгерістер алғаш өсімдіктің клеткасы мен ұлпа- сында өтіп, кейін сыртқы белгілер береді. Оны патологиялық үдеріс деп атайды. Соған байланысты ауруға төмендегідей сипаттама бе- руге болады.
Өсімдік ауруы – өте күрделі динамикалық құбылыс. Патология- лық үдеріс қоздырғыш жəне сыртқы ортаға байланысты өтеді. Ауруға шалдыққан өсімдік клеткалары мен ұлпаларының физиологиялық үдерісі қалыптан ауытқып, құрылымдары өзгеріп алынатын өнім тө- мендейді. Сонымен ауру бір қалыпты өтетін жағдай емес, керісінше, оның алғашқы басталуы, дамуы жəне аяқталуы бар үдемелі үдеріс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет