Сабақ Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі Өткізген: Жунусова М. Р



Дата19.02.2017
өлшемі151,9 Kb.
#10878
Дарынды балаларға арнайы мамандандырылған

«Дарын» мектеп- интернаты

Ашық сабақ
Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі

Өткізген: Жунусова М.Р.

әдіскер ДБМ «Дарын»,

Тусупова Г.С.

биология пәні мұғалімі

ДБМ «Дарын»

Қарағанды 2010

Сабақтың тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі.
Сабақтың тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі

Сабақтың мақсаты: Тірек- қимыл жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы анатомиялық- физиологиялық түсініктерді жүйелеп қортындылау, жобамен үлгілеу.

Сабақтың түрі: конференция

Сабақтың формасы: топтық

Сабақтың типі: жобалау әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: «Адамның қаңқасы мен бұлшықеттері» тақырыбы бойынша суреттер, жасанды үлгі, буклет, қосымша кітаптар.

Сабақтың барысы:

Сәлеметсіздер ме? Отырыңыздар. Бүгінгі сабақта, біз сіздермен « Тірек- қимыл жүйесі» тарауын қорытындылап, шағын жобаларымызды қорғаймыз. Сабақтың тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі. Сабақтың мақсаты: Тірек- қимыл жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы анатомиялық- физиологиялық түсініктерді жүйелеп қортындылау, жобамен үлгілеу.

Мұғалім: Қане оқушылар еске түсіріп өтейік, «Жоба дегеніміз не?»

Оқушылар жауабы:-------------------------------------------.

Мұғалім:

Жоба- бұл белгілі бір тақырып бойынша зерттеу жұмысы.

Жоба дайындау бірнеше кезеңнен тұратынын сіздер білесіздер.

Біз сіздермен жұмыс барысында 1-3 кезеңдерден өттік, әр топ өз жобаларын дайындап та қойды.

Ендеше қане оқушылар еске түсіріп өтейікші: Жобаның құрылымдық элементтеріне не кіреді?

Оқушылар жауабы:-------------------------------------------.



Мұғалім: Өте жақсы. Тақтаға назар аударайық.

Қазіргі уақытта жоба дайындау төмендегідей кезеңдерге бөлінген:

  • жоба тапсырмаларын дайындау;

  • жобаны дайындау;

  • нәтижені өңдеу;

  • жұмыстың презентация;

  • рефлексия.


Жобамен жұмыс жүргізу кезеңдеріндегі мұғалім мен оқушы әрекетінің жүйесі



Кезеңдер

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

1 . Жоба тапсырмасын дайындау







1.1. Жоба тақырыбын таңдау

Мұғалім тақырып таңдайды және оқушыларға ұсынады.

Оқушылар тақырыпты талқылайды және тақырып бойынша жалпы шешім қабылдайды.




Мұғалім оқушыларға жоба тақырыбын бірлесе таңдауды ұсынады.

Оқушылар тобы мұғаліммен бірге тақырып таңдайды және сыныпқа талқылауға ұсынады.




Мұғалім оқушыларға ұсынылған тақырыпты таңдауда олармен бірге талқылайды.

Оқушылар өздігімен тақырып таңдайды және сыныпқа талқылауға ұсынады.

1 .2. Жоба тақырыбынан тақырыпшаларды анықтау

Мұғалім алдын-ала тақырыпшаларға бөледі және оқушыларға таңдауға ұсынады.

Әр оқушы тақырыпша таңдайды немесе жаңасын ұсынады.




Мұғалім оқушыларға ұсынылған жобаның тақырыпшаларын олармен бірге талқылайды.

Оқушылар белсенді түрде тақырыпша нұсқаларын талқылайды және тақырыпша нұсқаларын ұсынады. Әр оқушынұсқаның біреуін өзіне таңдайды. (өзіне рөл таңдайды.)


1.3. Шығармашылық топ құру

Мұғалім нақты тақырыпшалар мен жұмыс түрлерін таңдаған оқушылады біріктіру бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.

Оқушылар өздеріне рөл таңдады,соған сай шағын топшаларға бөлінеді.

1.4.Материалдарды зерттеу жұмысына әзірлеу:топпен жауап беретіндей етіп сұрақтар құру, әдебиеттерді іріктеу.

Егер жоба көлемді болса, онда мұғалім алдын-ала тапсырмалар,зерттеу әрекеті үшін сұрақтар мен әдебиеттерді әзірлейді.

Жоғарғы, орта буын сынып оқушылары тапсырма әзірлеуге қатысады.Іздендіру сұрақтары топпен жасалып, кейіннен сыныппен талқылауға болады.

1.5.Жобаның қорытындысын көрсететін тәсілдерді анықтау.

Мұғалім талқылауға қатысады.

Топпен, кейіннен сыныппен зерттеу әрекетінің нәтижесін талқылайды: видеофильм, альбом, табиға обьектілер,әдеби шығармашылық және т.б.

2.Жобаны дайындау.

Мұғалім кеңес береді,оқушылардың жұмысына басшылық жасайды, оқушыларды ынталандырады.

Оқушылар зерттеу әрекетін жүргізеді.

3. Нәтижені өңдеу.

Мұғалім кеңес береді, оқушылардың жұмысына басшылық жасайды, оқушыларды ынталандырады

Оқушылар алдымен өз топтарында, содан кейін басқа топтармен байланыста қабылданған ереже бойынша жұмыс нәтижелерін өңдейді.

4. Презентация.

Мұғалім экспертизаны ұйымдастырады(мысалы, эксперттер ретінде жоғары сынып немесе параллель сынып оқушыларын, ата-аналарды т.б. шақырады.)

Өз жұмыстарының нәтижесін айтады.

5. Рефлексия.

Өз әрекетін балалар әрекетіне педагогикалық басымдық жасау бойынша бағалайды, олардың бағасын ескереді.

Өзгелердің бағалауын ескере отырып, жұмысқа рефлексия жүргізеді. Топтық рефлексия жүргізген дұрыс.

Олай болса, ендігі сіздерде қалған кезең ол- презентация және рефлекция. Жоба жұмысын бастамас бұрын, топтарды таныстырып өтейін.

1 топ . Тапқырлар. Жоба тақырыбы «Қаңқа- тірек негізі»

2 топ. Жас дәрігерлер. Жоба тақырыбы «Сүйек аурулары»

3 топ. Жас зерттеушілер. Жоба тақырыбы «Бұлшықеттің маңызы»

4. Топ бізде оппоненттер. Топ жұмыстарын сыннан өткізеді.

5. топ. Эксперттер. 3 топтың жоба жұмыстарын бағалаушылар.

Жоба жұмыстары мынадай критерилер бойынша бағаланады.




Ең жоғарғы балл: 5 балл
Бағалаудың шартты белгілері

+ 5 балл ( толық сәйкес)

+* 4 балл ( толымсызсәйкес)

+- 2-3 балл (жартылай сәйкес )

  • 0-1 балл (толығымен сәйкес емес)

Ендігі сөз барлық топтарға беріледі. Топтар кезекпен жоба жұмыстарын қорғайды.Әр топ жоба жұмыстарын қорғағаннан кейін оппоненттердің сұрақтарына жауап береді.

Мұғалім: Әр топ жобаларын қорғады. Жоба жұмыстарын бағалау үшін сөз эксперттерге беріледі.

Эксперттер сөзі: өздерінің бағалауларын түсіндіреді.



Мұғалім: Әр топ өз жұмыстарын қортындылады, рахмет . Оппоненттер мен эксперттер топ жұмыстарын сынап, тиісті бағаларын берді. Сіздерге де рахмет айтамыз.

Енді біз жұмысымызды қортындылау үшін рефлексия жүргізейік.

Рефлексия- дегеніміз не?

Оқушылар жауабы:-------------------------------------------.

Рефлексия- ол жұмысты қортындылау мен бағалауды өз ой елегінен өткізу.

Рефлексияның бірнеше түрлері бар. Біз сіздермен көбіне сабақта қолданатын Синквейн бойынша рефлексия жасайық.

Синквейн бойынша. 1-3 топ мүшелері өз жоба тақырыптары бойынша рефлексия жасайды.

Ол үшін:

1 зат есім

2 сын есім

3 етістік

4 сөзден тұратын сөйлем

1 синоним алғашқы зат есімге.



Топтардың жасаған рефлексиясы.

1 топ: Тапқырлар

Сүйек


Қысқа, жалпақ

Ұзарады, сынады, өседі

Сүйек- ағзаның негізгі тірегі

Қаңқа


2 топ: Жас дәрігерлер

Жарақат


Паталогиялық, механикалық

Аурады, іседі, іріңдейді

Жарақаттың бірнеше түрі болады.

Сынық


3топ: Жас зерттеушілер

Бұлшық ет

Біріңғай салалы, көлденең жолақты

Шынығады, қажиды, өседі

Бұлшық ет адамды қозғалысқа келтіреді.

Күш


Әр топтың рефлексиясы тыңдалады.
Соңынан мұғалім жалпы сынып оқушыларының жұмысына рефлексия жасайды.

Оқушылар


Білімді, ізденімпаз

Ізденеді, оқиды, талпынады.

Тақырыптық жобаларын жақсы қорғады.

Дарындылар.



Осымен конференция сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқан барлық топ мүшелеріне көп рахмет. Білімдерің шыңдала берсін! Құрметті қонақтар назарларыңызға көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет