Н. К. Крупская Н. К. Крупская өзінің еңбектерінде,
жаңа адамды баянда малары мен сөйлеген сөздерінде
тәрбиелеу туралы марксизм-ленинизм ілімі негізінде оқыту және тәрбие селелерін қарастырды. Жаңа социалистік мектеп үшін күресуде партияның большевиктік программасын қуаттап насихаттады. Мектептің саясатпен байланысты болуы туралы лениндік принципті, бірыңғай еңбек мектебі болуын, оның діннен алшақ болуын жақтады, патриоттың және интернационалдың тәрбие беру мәселелеріне көп көңіл бөлді.
“Мектептің мақсаты туралы мәселеге” деген мақаласында социалистік мектептің буржуазиялық мектептен негізгі айыр-машылығы — мектептердің алдына қойған мақсатында деп көрсетті. Жұмысшы табының мектеп ісінде алдына қоятын мақсаты — әр баланың жеке басын дамыту, оның білімін тереңдету, санасын өсіру, ал мұндай мақсатты буржуазиялық қоғамдағы мектеп қоя алмайды.
Н. К. Крупская социализм орнату ісінде жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесі зор маңыз алады деп санады. Социализмнің қажетті алғы шарты социализм орнатуға қабілеті бар адамды тәрбиелеу деп есептеді. Н. К. Крупская айналаны қорщаған өмірмен тығыз байланысты, балалардың ынтасын арттыратын, өз күш-жігерін әр салада пайдалануға мүмкіндік беретін мектеп қана адамның жеке басының дамуына жағдай жасай алады деді.
Оқушыларды коммунистік мораль рухында тәрбиелеуді, оларда коммунистік көзңарасты қалыптастыруды Надежда Константиновна совет мектебінің ең негізгі міндеттерінің бірі деп санады. Барлық әдістерді пайдалана отырып, совет мектебі оқушыларды патриотизм, гуманизм, интернационализм, коллективизм, еңбекке деген сүйіспеншілік, адалдық, шын- шылдық, кіші пейілділік, тәртіптілік, қоғам мүлкіне ұқыптылық сияқты коммунистік мораль қасиеттерін тәрбиелеуге тиіс деп есептеді. |
Н. К. Крупская оқушыларда коллективизм сөзімін тәрбиелеуге үлкен мән берді, жаңа адам, социалистік қоғамның аза-
214
маты коллектив мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды, коллектив пікірімен санасады, өз еңбегімен коллектив атына кір келтірмеуге тырысады деп көрсетті.
Қарапайымдылық пен кіші пейілділік қасиеттерін Надежда Константиновна өте жоғары бағалады, оларды адамның көркі деп санады.
Моральдық тәрбие негізінен оқу процесінде жүргізілу керек деген прогресшіл педагогтардың пікірін Н. К. Крупская қызу қуаттады. Сонымен қатар бұл мәселеде сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының ролі күшті деп есептеді. Әсіресе коллективтік қоғамдық пайдалы еңбекке араласудың зор мәні барын дәлелдеді. Н. К. Крупская мектептегі барлық оқу-тәрбие жұмысының мазмұны және әр пәнді оқыту балаларға коммунистік тәрбие беру мақсатына бағынуы керек деп көрсетті.
Өз еңбектерінде Н. К. Крупская жеке пәндердің (тарих, география, математика, жаратылыстану, әдебиет, орыс тілі, ана тілі, шетел тілдері және т. б.) оқытылуына арнайы көңіл белді. Жеке еңбектерінде оқушылардың белсенділігін және саналылығын арттыру үшін әр пәнді оқытуға арнайы нұсқаулар мен кеңестер берді.
Н. К. Крупская балаларды еңбекке баулуға, жалпы еңбек тәрбиесіне үлкен мән берді, еңбектің тәрбиелік ролін өте жоғары бағалады. Ол еңбек тәрбиесін политехникалық білім берумен
үштастыру қажет деп санады, политехникалық білімнің жалпы білім негізінде берілуін талап етті. Политехникалық білім беруге Крупская тірі табиғатты, материалдардың технологиясын, өндіріс құралдарын, олардың механизмін, энергетиканы білу, сонымен қатар экономикалық қатынастардың географиялың негізін білу жатады дея санады. Политехнизм жеке пән емес,— деді ол,— барлық пәндерді оқытуда сол пәндердің (физиканың, химияның, жаратылыстық, қоғамтанудық) материалдарын іріктеп алу арқылы берілетін білім: ол пәндер бір-бірімен байланысты оқытылумен ңатар, тәжірибемен ұштастырылуы тиіс, әсіресе оқыту еңбекпен байланыстырылуы керек деп есептеді.
Н. К. Крупская оқушылардың енімді еңбегіне үлкен мән берді. V—VII кластардағы мектеп шеберханасындағы балалардың жұмысы политехникалық негізде құрылуы керек, VIII—X класс оқушыларын өндіріс орындарында, колхоз даласында жұмыс істеуге араластыру қажет деп санады. Осының нәтижесінде оқушылар техникамен танысады, политехникалық ой-өрісін байытады, оларда еңбекке коммунистік көзқарас қалыптасатын болады.
Оқытудың мазмұ- Н. К. Крупскаяның дидактикалық мұралары-
ны мен метод- ның оқушыларға берілетін жалпы білім маз-
касы туралы мұның анықтау мәселесінде зор мәні бар.Оның мектеп беретін білімнің мазмұны мен оқыту
215
әдістеріне қойған талаптары осы уақытқа дейін өз маңызын жойған жоқ. Ол мектеп беретін білімнің мазмұны мен оқу пәндерінің арасындағы байланыс т. б. осы сияқты дидактикалық проблемаларды лениндік принципке негіздей отыра шешкен.
Н. К. Крупская мектеп оқуының мазмұнын анықтай келе, еңбекшілердің өмірлік тілек-талаптарынан мектептің тысқары тұра алмайтындығын да ескертті. Сондықтан білім беру мазмұны жас өспірімдерді күнделікті өмірге қажет практикалық әрекетке даярлауды көздеуі тиіс.
1925 жылы Н. К. Крупская мұғалімдердің Бүкіл одақтың бірінші съезінде сөйлеген сөзінде мектеп беретін білімнің шаруашылық талаптарымен байланысты болу міндетін көрсетті, оқыту мазмұны мектептен кейінгі өмірге жол сілтеуі тиіс екендігін, оқушыға белгілі бір мамандықты таңдауға қажеттігін атап айтты.
Н. К. Крупскаяның айтуынша, оқу процесіндегі теорияның практикамен тығыз байланыстылығы оқушылардың оқу материалын терең және тиянақты түрде меңгеруінің де ең тиімді жолы. Сонымен бірге жалпы білім беретін мектептегі оқу материалының мазмұны оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру мақсатына сай болуға тиіс.
Оқу пәндері арасындағы тығыз байланыстылықты қызу қуаттай отырып, оны коммунистік көзқарасты қалыптастырудың қажетті жолдарының бірі деп санаған да Н. К. Крупская еді.
Жеке пәндердің арасындағы тығыз байланыстылық поли-техникалық білім беруде де ерекше құнды. Әр пәннің балалардың білімін кеңейту женіндегі ролімен қатар, тәрбие берудегі маңызын да ерекше ескеріп отыру қажет. Надежда Константиновна жаратылыстану сабақтары материалистік кезқарасты қалыптастырып, дінге қарсы тәрбие беруде үлкен роль атқарса, әдебиет сабақтарының советтік патриотизм, гуманизм сезімдерін тәрбиелеуде зор мәні барын атап керсетті.
Педагогика ғылымын жаңа, биік сатыға көтере білген Надежда Константиновна оқушылардың өз беттерінше атқаратын жұмыстарын ұйымдастыруды, тәжірибелер жасауды. практикалық жұмыстар жүргізуді, өндіріске, табиғаққа, музейлерге экскурсиялар ұйымдастыруды айрықша атап көрсетті.
Үйге тапсырма беру мәселесіне Н. К. Крупская ерекше көңіл бөлді. Класқа жалпы берілетін тапсырмамен қатар, балаларға жеке-жеке тапсырма берудің қажет екенін де айтты. Қандай жағдайда да тапсырманың шамадан тыс болмауын талап етті. Ол өз пәнін сүйген және материалды жете меңгерген мұғалім ғана балаларды білімге қызықтыра алады деп есептеді. Оқытылатын материалдағы негізгі мәселені ашып көрсету, оның өмірдегі мәнін айқындау, оқушыларды сабақ үстінде ойлануға жетелеу, балалардың
216
сезіміне әсер ету мұғалімнен шеберлікті етеді. Сондықтан мұғалім ез білімін толықтырумен қатар, шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті.
Н. К. Крупская мұғалімнің қызметін өте жоғары бағалады. Әсіресе ауыл-село мұғалімдерін партия саясатының насихатшысы ретінде ерекше құрметтеді. Мұғалімдерді даярлау мәселесіне ол айрықша көңіл бөліп отырды.
Пионер ұйымы ІІионер ұйымы құрылған алғашқы күндерден
ның жұмысы бастап Н. К. Крупская оның жұмысына
туралы басшылық етті. Пионер ұйымы балаларды кол-лективизмге тәрбиелеудің мектебі деп бағалаған ол бұл ұйымның негізгі міндеті білім үшін күресу екендігін баса айттьі. Осы күреске пиоиерлер барлық оқушыларды жұмылдыра білуге. Пионер ұйымының жұмысында сонымен қатар, Қоғамдық пайдалы еңбек, көркемөнер және денсаулық сақтау “жұмыстары үлкен орын алу керек деп есептеді. Табиғатқа, Тарихи орындарға саяхат және экскурсия жасау ұйымнан көп көңіл бөлуді талап етеді.
Пионер ұйымның жұмысында балалардың жас ерекшеліктерімен қатар, олардың жеке басының ерекшелігін ескеру де ұмыт қалмауы тиіс.
Надежда Коңстантиновна ұлттың мектептерді құруға орасан зор көңіл бөлді. Ол бүрын артта қалған халықтар мәдениетінің жедел дамуына бағытталған шаралардың бәріне қызу араласып отырды. Н.К. Крупская өз еңбектерінде аз ұлттардың мәдениетін дамытуға және олардың ана тілінде мектептер ашу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Аз ұлттардың оқу-ағарту ісі туралы 1927 жылы Бүкіл Россиялық кеңесте жасаған баяндамасы 1928 жылы “Ұлттық және интернационалдық мәдениет” деген атпен қазақ тілінде жеке кітапша болып басылып шықты.
Бұл баяндамада Н.К. Крупская ұлттың мәдениетті дамыту үшін ана тілде оқытатын ұлттың мектептер ашуға зор мән берді. Сонымен бірге ұлт балаларының орыс тілін оқуы өте қажет деп Санады. Оларға орыс тілін оқытудың методикасына тоқтала келіп, бұл мәселедегі ірі кемшіліктерді ашып көрсетті. Ол әсірсе ана тілінде жоқ орыс тілі дыбыстарын үйретуге ерекше көңіл белді.
Н. К. Крупская “Ұлттық оқулық” атты еңбегінде ана тілінде оқытатың мектеп құруды, сол тілде оқыта алатын мұғалім қандай қажет болса, сол тілде ұлттың оқулық жасау да сондай кезек күттірмейтін мәселе деп ерекше атап көреетті. Н. К. Крупская: сауатсыздықты жою, ересектер арасындағы мәдени-ағарту жұмысы жөнінде былай деп жазды: “Россияда ерекше мәні бар сауатсыздықты жою ісі кең түрде дамыды. СауатсыздықтыІ жою мектептерін ересектердің бірінші басқыш мектептеріне айналдыру қажет. Ересектерге арналған
217
мектептермен қатар, халықтың мәдени дәрежесі мен саяси санасын арттыратын әр түрлі ағарту мекемелері кең түрде ұйымдастырылуы керек. Көпшілікке арналған кітапханалар, оқу үйлері, клубтар, халық үйлері кең түрде ашылуы керек” '.
Н. К. Крупская хат таныту ісін барынша кең түрде қолға алумен қатар, мәдениетті дамытуға, атап айтқанда, радио мен киноға ерекше мән берді.
“Қазір радио мәдениетті таратуда күшті құрал, жергілікті радио орындары ұлт тілдерінде де жұмыс істейтін болуы керек. Мысалы, Астрахань маңында аз ұлттар көп, оларды да қамтуға болатындығына қарамастан, Астрахань радио хабары қаланы ғана ескереді. Тыңдау мүмкіндігі болса да жақын жерде тұратын қазақтарға көңіл бөлінбей, тек орыстарға ғана арналып радио хабары беріледі. Меніңше, жақын жерде аз ұлттар тұратын жергілікті станциялардың ұлт тілінде музыка хабарын берумен қатар, әңгімелер ұйымдастыруының маңызы өте зор. Радионы қазіргісінен де пәрменді, толығынан пайдалану керек” 2,— деп жазды.
Н. К. Крупская совет педагогикасының негізгі теориялық проблемаларын дамытуға ат салысумен қатар, комсомол ұйымының жұмысына, мектепке дейінгі тәрбиеге, әйелдер арасында жұмыс жүргізуге көп көңіл бөлді. Н. К. Крупскаяның көптеген еңбектері кластан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарына арналған. Н. К. Крупская өзінің “¥лттық оқулық” деген еңбегінде қазіргі уақытта СССР-де мектеп жұмысының сапасын, әсіресе мектептің тәрбиелік ролін көтеру мәселесі ерекше қойылып отыр, балалармен дұрыс қарым-қатынас жасалғанда ғана, оларды дұрыс ұйымдастыра алғанда ғана, біз шын мәнісінде мектептің тәрбиелік мәнін күшейте аламыз деп жазды.
Аз ұлттар мектептерінде, әсіресе дінге қарсы тәрбие жүргізудің ерекше қиын екендігін ескере келіп, өзінің “Ұлттар арасындағы мәдениет мәселелері” деген мақаласында дінге қарсы үгіт жүргізуге үстірт қарамай, ол елдің бұрынғы өмірін, тұрмысын, шаруашылығының барлық жағдайын ерекше ескеру керек, әсіресе халықтың тұрмыс жағдайын ескерген жөн, ескілік көбінесе тұрмыста ұзақ сақталады деп көрсетті.
Интернационалдың тәрбиені де дұрыс ұйымдастыру үшін халықтың жергілікті жағдайын білу өте қажет екенін Н. К. Крупская ерекше атап көрсетті. Әр ұлт еңбекшілерінің ортақ мүдделерін, ұқсас тілектерін таба білу керек. ¥лттардың өзара түсінісуін және өзара жақын, тату болуын ескерту керек, ұлт ала ауыздығына барынша жол бермеу керек деп
1 Маркс-Леннн педагогика хрестоматиясы. Алматы, 1935, 85-бет.
2 Н. К. К р у п с к а я. “¥лттык; және интернационалдық мәдениет туралы”, Қызылорда, 1928, 28-бет.
218
оған ерекше қазар аударуды талап етті. Н. К. Крупская “Бастауыш мектептегі интернационалдың тәрбие” деген еңбегінде мектепте интернационалдық тәрбие жүргізудің нақтылы жолдарын көрсетті. Ол бір ұлт балаларының басқа ұлт балаларының өмірі туралы көбірек білуін, әсіресе олардың ұнамды ерекшеліктерін ескеруді талап етті. Ол үшін көркем әдебиетті кең пайдалануды, әр ұлт балаларының кездесулерін (бірігіп жұмыс істеу, дем алу, ойын т. б.) үнемі ұйымдастырып отыруды жақтады.
Антон Семенович Макаренконың (1888—1939)
педагогикалың жүйесі
Аса көрнекті совет педагогы Антон Семенович Макаренко 1838 жылы 1 мартта Харысов губерниясындағы Белополье қаласында темір жол жұмысшысының семьясында туған.
Қалалық училищені, онан кейін оқытушылар даярлайтын курстарды бітіргеннен кейін, Антон Семенович Макаренко Крюководағы екі класты темір жол училищесіне оқытушы болып тағайындалған.
Макаренконың педагогикалың қызметі 1905 жылы, бүкіл Россияға бірінші орыс революциясының толқыны кеңінен жайылған кезеңде басталды, сондықтан оның көзқарасы да революцияшыл пролетариаттың күшті күрес идеялары негізінде қалыптасқан. Жас, қажырлы оқытушы осы кезде темір жол училищесінде жұмысшылардан ата-аналар комитетін құрып, сол арқылы реакцияшыл бағыттағы мектеп бастығына қарсы күрес жүргізген, оқушылармен адамгершілік қатынас орнатуды жақтаған. Бұл кезде жас оқытушы 17 жаста ғана болатын, бірақ ол өзінің алғашқы қадамынан бастап-ақ болашақ жаңашыл педагогқа тән қасиеттерді байқатты.
Темір жол училищесінде оқытушылық қызметі кезінде Мака-ренко өзінің білім дәрежесін көтеру жолында көп жұмыс істеген, әсіресе ол кейіннен өзіне зор әсер еткен орыстың ұлы жазушысы А.М. Горький шығармаларын терең оқыған.
А. С. Макаренко өзінің естеліктерінде: “Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлік ұстазым болды”,— дейді.
1914 жылдан 1917 жылға
219
дейін Макаренко Полтаваның оқытушылар институтында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады. 1917 жылдың сентябрінен бастап Крюководағы жоғары бастауыш класс мұғалімдері училищесінде инспектор қызметін атқарады.
Октябрь революциясынан кейін Макаренко біраз уақыт темір жол училищесінде оқытушы болады. 1920 жылдан бастап, Макаренко Полтава губерниялың халың ағарту бөлімінің тапсыруымен, Полтавадан 6 километр жердегі заң бұзушы жас балалар колониясын ұйымдастырған. Осы колонияны Макаренко 8 жыл басқарады. Бұл жылдар оның адамды тәрбиелеудің жаңа, нағыз советтік әдістерімен қажырлы еңбек ету, іздену және күрес жылдары болды. Міне, осыдан бастап Макаренконың педагогикалық қызметінің шарықтау кезеңі басталады, ол тек тәжірибедө ғана емес, педагоғикалық теорияда да тамаша табысқа ие болып, іс жүзінде совет педагогикасының бірнеше принципиальды мәселелерін шешті.
Кейіннен А. М. Горький атымен аталған осы колонияда Макаренко бүкіл тәрбие процесін, оқуды ауыл шаруашылық еңбегімен байланыстыруға негіздей отыра құрған. Өзінің тәрбие жүйесін құру жолындағы күресін, сол колонияның әр қилы өмірін А.С. Макаренко терең мағыналы және әсерлі көркем шығармасы “¥стаздың дастанында” баяндайды.
І928—1935 жылдарда Макаренко Харьковтағы Ф. Э. Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқарған. Горький атындағы колонияда мол тәжірибемен қаруланған Макаренко мұнда жұмысқа бұрынғыдан да табанды түрде және зор сеніммен, жаңашыл педагог ретінде кіріскен. Коммунаның тәрбие жұмысы оқуды өндірістік еңбекпен байланыстыруға негізделген, еңбек әуелі оқу мастерскойларында және өндірістің цехтарында, сонан кейін техникамен жабдықталған заводтарда ұйымдастырылған
Дзержинский атындағы коммунаның өмірін Макаренко өзінің “Мұнара үстіндегі тулар” деген повесінде баяндаған. Бұл шығармада педагогикалық көзқараствщ ерекшеліктері және ілгері дамуы айңын байңалады. Оның үстіне бұл “¥стаздық дастанның” дәстүрлі жалғасы тәрізді еңбек болатын.
Макаренконың тікелей өзі құрып, өзі басқарған бұл екі оқу-тәрбие орнынан үш мыңға жуық бұрынғы панасыздар мен заң бұзушылар шын жаңа совет азаматы болып қайта тәрбиеленген еді, олар өздерінің көзқарасы және қоғамға сіңірген еңбектеріне қарағанда, Отанына шын берілген, отандың борышын түсіне білетін жігерлі, табанды, тәртіпті, әр түрлі мамандықтарға ие болған еңбек сүйгіш адамдар болып қалыптасты.
Алексей Максимович Горький талантты жаңашыл педагогтың бұл зор еңбегін бағалай келе, Макаренкоға жолдаған хатында былай дейді: “Маңызы орасан зор және мейлінше
220
ойдағыдай болып шыққан сіздің педагогикалық эксперимент-теріңіздің меніңше жер жүзілік маңызы бар”.
¥ëы жазушының бұл өте жоғары да орынды берілген бағасы болатын.
Антон Семенович өз өмірінің соңғы жылдарында әдебиет және қоғамдық-педагогикалық жүмыстармен айналысады, әсіресе ол семьядағы тәрбие мәселелеріне көңіл белген.
“Ата-аналар үшін кітап” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар” деген шығармаларында Макаренко баланы семьяда тәрбиелеу жөніндегі негізгі мәселелерді зерттеген.
1939 жылы 1 февральда Совет үкіметі Антон Семеновичтің балаларға коммунистік тәрбие беру саласындағы сіңірген ерекше еңбектері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен наградтаған.
1939 жылы 1 апрельде тамаша ізгі адам, педагогика ғылымының қайраткері және талантты жазушы А. С. Макаренко кенеттен қайтыс болды.
А. С. Макаренко өзінің артына өлмейтін бай педагогикалық мұра қалдырды, оның жүзге жуық жазылған педагогикалық шығармалары бар.
Тәрбие мәселесі Макаренко балалар коллективімен тәрбие жұ-
туралы мысын жүргізудің ғылыми негізгі теориясы
мен методикасын құрды. Оның педагогикалық көзқарастары, тамаша нәтиже берген педагогикалың тәжірибелері ұзак, уақыт теориялық жағынан қорытудың негізінде қалыптасты.
Макаренко теориясының негізі маркстік-лениндік ілім болды, ал оның методикасы да марксизм-ленинизмнің ғылыми әдістеріне негізделіп дамыды. Тәрбие процесінің заңдылықтарын анықтауда Макаренко қоғамдың дамудың заңдары жөніндегі жаңа, коммунистік адамгершілік туралы, адамның қоғамдық табиғаты жөніндегі марксизм-ленинизм ілімін басшылыққа алып отырды.
Тәрбие жөніндегі марксизм-ленинизм идеяларына сүйене отырып, Макаренко буржуазиялық педагогиканы, әсіресе педалогияны, негізінен сынға алды.
16 жыл ішінде үш мыңға жуық жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесі Макаренкоға Коммунистік партия мен Совет үкіметі құрған тәрбие жүйесінің күшті әсерін жоғары бағалауға негіз болды, ол тәрбиенің күшіне мықты сенген оптимист еді.
Біздің елімізде адамның жетіліп, қалыптасуына кедергі болатындай ешбір жағдайдың болмайтындығын дәлелдеді. Сондықтан да Горький атындағы колониядағы өз жұмысының алғашқы күндерінде көпшілігі бұрын қылмысты болған панасыздар тобымен бетпе-бет кездесу кезінде Макаренко табансыздық, түрақсыздық жолына түспеді. Ол балалардың
221
туысынан қылмысты, немесе бұзылған мінез-құлықты болып өмірге келмейтінін терең түсіне білді.
Ал оның кейінгі жұмысындағы тәжірибелері қылмыс жолына түскен жастарды қайта тәрбиелеуге болатындығы жөніндегі өзінің оптимистік көзқарастарын толың дәлелдеді.
“Макаренко педагогикалық жұмыстың жемісті болуының ең қажетті шарттарының бірі — тәрбиенің міндет-мақсаттарының оның, айқын түрде белгіленуі деп есептеген. Ол совет педагогикасы ілгеріге көз жібере отыра, совет адамына керекті сапаларды алдын ала жобалай білуі тиіс деген талап қойды.
А. С. Макаренко біздің тәрбиеміздің міндеттері қоғамдық өмірден, коммунистік партияның программасынан және оның социалистік құрылыстағы саясатынан туатындығын көрсетті.
Тәрбие жұмысының мақсаты қайдан тууға тиіс? Әрине, ол біздің қоғамдық қажетімізден, совет халқының талабынан, біздің революцияның мақсаттары мен міндеттерінен, біздің күрестеріміздің мақсаты мен міндеттерінен туып отырады” ,— деген Макаренко.
Макаренконың ойынша, педагогика бұл мәселені саяси мақсаттарға сәйкес, яғни жаңа адам, коммунистік қоғамның адамы қандай болатындығына байланысты шешуі тиіс деген. Макаренко тәрбиенің міндет-мақсатын адамды қалыптастырудың кең программасы ретінде қараған, бұл программа Макаренкоға совет жастарында тәрбиеленетін жоғары сапаларды анығырақ түсінуге мүмкіндік берді.
Макаренко советтік тәрбие арқылы жаңа адамды, социалистік дәуірдің азаматын өсіруді, коммунистік идеяларға берілген адамды қальштастыруды мақсат еткен.
Тәрбиенің алдына Макаренко коллектившіл, алғыр және ер адамдарды, жан-жақты білім алған және еңбек сүйгіш, халқының алдындағы өз борыштарын сезіне білетін жастарды тәрбиелеу міндетін ұсынды.
“Коммунизм үшін күрес үстінде,— дейді Антон Семенович,— біз қазірдің өзінде өздерімізде коммунистік қоғам мүшелерінің сапаларын тәрбиелеуіміз керек”.
Макаренко тәрбиенің мүндай міндет-мақсаттарына жетудің тым қиын және күрделі іс екендігін, бірақ біздің советтік шындықтың жағдайында оған толық жетуге мүмкіндік барын ескертті. Өзінің “Мұнара үстіндегі тулар” деген кітабында оптимистік тұрғыдан: “Жаңа адамды тәрбиелеу — бақытты іс және оған педагогиканың шамасы да жетеді”,— деген.
Тәрбиенің негізі Тәрбиенің міндет-мақсаттарына
принциптері байланысты советтік тәрбие жүйесінің мынадай негізгі принциптерін анықтаған: тәрбиеленушіге
1 А. С. М а к а р е н к о. Коммунистік тәрбие туралы. Алматы, І960, 216-бет.
222
талап қоюды оны құрметтеу және оған сенім білдірумен байланыстыру, коллектив ішінде, коллектив арқылы және еңбекте тәрбиелеу.
Макаренко адамға зор талап қоюды құрметтеп сыйлаумен байланыстырып отыруды — советтік тәрбие жүйесінің жетекші әдісі деп санады. Тәрбиеленушілерге сүйіспеншілік білдіруді оған талап қоюмен байланыстырып отырса, балалардағы жақсы сапаларды байқап, көруге, сол сапаларды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деді.
А. С. Макаренконың творчествосында совет адамы үшін намыс сезімі, оған сүйіспеншілік білдіру, адам баласын сыйлау, адамның жоғары санасына сенім білдіру мәселелері кең орын алған. Антон Семенович сонымен бірге совет педагогикасының маңызды заңы — тәрбиеленушілерге айқын, анық, табанды талаптар қойып отыру. Адамға неғұрлым көбірек талап қойылса, ол адамгершілік жағынан көркейе беруге тиіс, сондықтан талап шалағай болмай, белгілі мақсатқа жеткенше қойылуы тиіс деген.
А. С. Макаренконың барлық тәжірибесі оның осы өзі ұсынған негізгі лринципі — адамды құрметтеп, сыйлауды оған талап қоюмен байланыстыру принципін жемісті түрде іс жүзіне асырудың толық сипаты болды.
“Қашан болсын адамньщ жақсы жақтарын жобалау керек, педагог осылай етуге міндетті”,— деп өсиет айтқан оптимист Макаренко, жоғарыдағы балаға қатаң талап пен сүйіспеншілік білдіру жөніндегі принципіне байланысты, тәрбиедегі “болашақ жолдар” деген принципті ұсынады.
Макаренконың ескертуінше адамды тәрбиелеу — бұл жас-тарымызда өздерінің болашақтары — ертеңгі қуаныштары кө-рінерліктей болашақ жолдар, бағыттар тәрбиелеу, оларға сол ертеңгі қуаныштарының жолдарын көрсету.
“Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы атышулы қозғаушысы — ертеңгі қуаныш”,— деген А. С. Макаренко.
Антон Семенович тәрбие жұмысын жүргізуде балалар коллективінің ертеңгі күні бүгінгісінен өзінің мәні және шеңбері жағынан жоғары және кең түратындай болып құрылуын талап еткен.
Өзінің тәжірибелік тәрбие жұмыстарында бірімен-бірі бай-ланысты түрде құрылатын үш түрлі (жақын, орташа және қашық) болашақ жолдарды пайдаланған.
Макаренко бастапқы, жақын болашаққа балалардың цирк, басқа ойын-сауық орындарына баруға рұқсат алуын, орташа болашаққа жастардың коллективтік оқиғаларға араласуын: мерекелік Демонстрацияларға, бүкіл халықтың мейрамдар мен науқандарға қатынасу т. б. қосқан.
Мектеп бітіргеннен кейін іске асуға тиісті балалардың бүкіл
223
ел өміріне араласуға ұмтылушылығын тәрбиелеуді Антон Семенович болашақтың жолдардың ең жоғарғы басқышы деп бағалаған. Ол болашақ жолдардың балалар коллективінің тек қана қуанышы мен жақсылықты сезуінен құрала бермейтіндігін ескертті, коллектив мүшелері болашаққа жетуде өздерінің алдында кездесетін қиыншылықтарды меңгеріп, жеңе білуге тәрбиеленуі тиіс деді.
Марксизм бізді — адамның жеке басын қоғамнан тыс, коллективтен тыс алып қарауға болмайды деп үйретеді деген Макаренко. Сондықтан коллектив ішінде, коллектив үшін, коллектив арқылы тәрбиелеу Макаренконың тәрбие жүйесінің негізгі және орталық идеясы болды. Өзінің шығармаларында коллектив ішінде тәрбиелеу мәселесін советтік тәрбие жүйесінің негізгілерінің бірі ретінде, ол коллективті тәрбиенің ең бастысы, тәрбиенің бірден-бір, негізгі құралы деп бағалаған. ( Макаренконың керсетуінше, коллектив — адамдардың жай ғана жиынтығы, немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылардың тобы. ( Сондықтан оның ойынша нағыз шын коллектив, мейлі ересектер, мейлі балалар коллективтері болсын, советтік құрылыс жағдайында олар совет қоғамының бір бөлшегі болып есептеледі. Осыған байланысты социалистік қоғамның бір бастапқы ұясы болып саналатын оқушылар коллективі де басқа коллективтермен байланысты болуы тиіс, оның алдында да қоғам мен ел алдында қойылған міндеттер тұрады. (Макаренко жалпы, ірі, түтас коллективтер оның бөлімдері болып есептелетін баетауыш коллективтерден тұратындығын көрсетті. Жеке бала бас-тауыш коллективтің мүшесі, класс оқушысы бола отыра, ол ірі коллектив өмірімен, бүкіл мектеп мақсатымен бірге өмір сүруі тиіс деген.
Антон Семенович мектеп коллективінің маңызын барынша жоғары бағалай білген, оның ролін көтере білген, бұл жөнінен ол: “Тәрбиенің барлық процесі... сонда ұйымдасқан, ұйымшыл, тату бірден-бір коллектив — мектеп болуы керек...” ',— деді
Макаренко коллективті сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтады, олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, коллективтің барлық мүшелерінің іс-әрекет жасауы, бірлігі, коллектив мүшелерінің өз арасында міндеттерін анықтауы, бұл міндеттерін әрқайсысының ұықпты орындауы; қатаң түрде орнатылған тәртіптің болуы, оны коллектив мүшелерінің сөзсіз орындауы; өз мүшелері үшін коллективтің жеке адамдарының бүкіл коллектив алдындағы жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім; өзара бағына білу.
і Д. С. М а к а р е н к о. Коммунистік тәрбие туралы. Алматы, 1960, 226-бет.
224
Макаренко өзінің өте мол тәжірибесіне сүйене отырып, коллективтің өмір сүруінің өте маңызды заңы бар екендігін анықтаған, ол — коллективтің қозғалысы, өсуі, ілгері дамуы. Оның ойынша, мұндай заңсыз коллективті біздің қоғамымыздың кішкене бөлшегі деп есептеуге болмайды деген, ал коллектив өміріндегі осындай дамуды қамтамасыз етудің негізгі бір шарты — сол коллективтің әрбір мүшесінің санасына сіңген, айқын түрде анықталған болашағы болуға тиіс; белгілі мақсатқа жеткеннен кейін, келесі мақсат қойылуы қажет, міне, осындай қозғалыс, даму коллективке өзінің ертеңгі қуанышын көруге, оған әуестене ілгері ұмтылуға көмектеседі деп үйреткен.
Макаренко өзінің Горький атындағы колониядағы және Дзержинский атындағы коммунадағы жүргізген тәжірибе жү-мыстарында бұл әдісті табанды түрде пайдаланған, сол арқылы колонистер мен коммунарларды еш уақытта бір орында тоқтамауға, үнемі ілгері, алға ұмтылуға, үнемі алдарына мақсаттар қойып, оған қайткен жағдайда да жететіндеріне көз жеткізіп, оларды ерекше тапқырлықпен тәрбиелеп отырған.
Макаренко тәрбие процесінде тәртіп бұзушы тәрбиелену-шілерге қарсы кең түрде балалар коллективінің осы мәселеге байланысты “параллельді әрекет ету” әдісін шебер қолданған. Бұл әдіс бойынша, тәртіп бұзған кінәлы оқушыларға әр уақытта тікелей педагогтың араласуы міндетті емес. Мұндай жағдайда педагог балалар коллективінің көңілін сол болған оқиғаға аудара білуі тиіс және әр жеке оқушыға коллектив ықпал ете білерліктей дәрежеге жеткізілуі керек. Сонда ғана коллективтің әрбір мүшесі бүкіл коллектив үшін және бүкіл коллектив өзінің жеке мүшелері үшін жауап бере алады.
Макаренко коллективті тәрбиелеуде сол коллективтен шыққан ең алдыңғы топ — мықты активтің роліне үлкен мән берген, активті ол педагогтардың ең жақын тірегі ретінде қараған. Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы коммунадағы коллективтің мұндай активі комсомол ұйымы болған, Антон Семенович активті өзі жетілдіріп, шынықтырып отырған.
Макаренко педагогтар коллективінің оқушылар коллективін құруда шешуші роль атқаратындығын атап көрсетті, ол: “Педагогтардың нағыз жауапты тәрбиеші болуы үшін бірақ жол бар, ол жол — педагогтарды коллектив етіп ұйымдастыру...”— деген.
Еңбек тәрбиесі Макаренко біздің мемлекет еңбекшілер мемлекеті, бізде “Кім де кім еңбек етпесе, ол ішіп-жемейді” деген принцип іске асып жатқанда, еңбек тәрбиесі жалпы тәрбие процесінің ең қажетті факторына айналуға тиіс деп есептеген. Макаренконың үйретуінше, адам еңбек үстінде тек жұмысқа даярланып қана қоймай, басқа
225
адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйренеді, еңбекке бірлесе күш жұмсау, коллективте еңбек ете білу, адамдардың бір-біріне еңбектік көмегі және олардың бір-бірімен еңбек ету жөнінен байланысты болу сезімін тудырады.
Атақты педагог еңбектің ең зор пайдасы — адамның пси-хикалық, рухани дамуына әсер етуінде деп түсінді. “Еңбектен туатын бұл рухани даму тапсыз қоғамның азаматын таптық қоғам азаматынан айыратын адак өзгешелігін құруға тиісті”,— деді ол. Еңбек тәрбиесінің міндеттері: балаларды еңбекті өзінің азаматтық борышым деп сүйе білуге үйрету, қоғамдың-өнімді еңбекке қатынасуға даярлау. Бұл тәрбиенің негізгі жолы — балалардың өздерін тікелей еңбекке араластыру. Макаренко ұсынған балаларға қатысты еңбектің негізгі түрлері: өзін-өзі күту, семьядағы үй жұмысы, оқу тапсырмаларын орындау, мектеп және балалар мен жастар ұйымдастыратын қоғамдық пайдалы жұмыс, ауыл шаруашылығындағы, мастерскойлардағы, фабрикалар мен заводтардағы өндірістік еңбек.
Макаренко балалар еңбегін ұйымдастыру үстінде мына-
дай негізгі ережелерді сақтауды талап еткен: баланың күшіне сай еңбек тапсыру, еңбектің бір түрінде баланы көп ұстамай, оның есіп дамуына сәйкес жаңа, бұрынғыдан күрделі жұмыстар жүктеу, тапсырылған жұмысты бақылау, оның ұқыпты орындалуын талап ету, балалардың ауыр, ыңғайсыз жағдайларда атқарған еңбегін мақтап отыру т. б.
Горький атындағы колонияда және Дзержинский атындағы коммунада тәрбиеленушілер ауыл шаруашылық жұмысын атқарған, жатаханаларын мәдени жағдайда ұстаған, мастерскойларда, фотоаппарат жасайтын заводта істеген, жергілікті шаруалардың егіс шаруашылығына көмектескен.
Макаренко тәрбиенің бұл түріне баланың әр нәрсе атқаруға икемделе бастаған шағынан-ақ баулуды талап еткен. Атақты педагогтың қалдырған мұраларында қоғамдық өмірдегі совет адамдарының саналы тәртіптілігіне ерекше көңіл белінген. Тәртіп — күрес пен еңбектің жемісті болуының ең қажетті шарттарының бірі ретінде қаралған.
Біздегі тәртіпті адам деп Макаренконың сөзімен: “...қашан болсын, қандай жағдайда болсын, мінез-құлықтың қоғамға ең пайдалы дұрыс жолын таңдап ала білетін және қандай қиыншылық, жарамсыз жағдайлар кездессе де ол мінезін өзгертпеуге шыдамы жететін адамды ғана айтамыз”.
Макаренконың айтуынша мұндай тәртіпті балаларды тәр-биешілерге бағынуды насихаттаумен ұғындырып, тәрбиелеуге болмайды, ол тәрбиелік әсердің барлық жиынтығымен тәрбие-ленеді (кең саяси тәрбие, жалпы білім, кітап, газет, еңбек, қоғам жү-мысы, ойын, демалыс ұйымдастыру т. б.).
Макаренко тәртіпті тәрбиелеуде оның құралы болып есеп-
226
телетін режимге ерекше мән берген, режим коллективтің міндетті түрде орындайтын заңы деп санаған.
Балаларға қолданылатын жазалауды Макаренко тәртіпті орнатудағы қажетті шара екендігін көрсете отыра, ұрып-соғып жазалаудың қай түріне болса да табанды түрде қарсы шыққан. Өз тәжірибесінде тәртіп бұзушылардың мінезін үнемі тәрбиеленушілер жиналыстарында талқылауға ұсыньш отырған, бірақ ол кінәлылардың мінезін қарауға жолдастарының әділ болуын, әділ жаза қолдануын талап еткен.
Макаренко тәрбиеленушілердің тәртіптілігі мен өндірістегі табыстары үшін сыйлықтар беруді және бұйрық бойынша алғыс айтуды ұсьшып отырған. Тәртіпті коллективте алғыс алу ең жоғары награда болып есептелген.
Антон Семенович тәртіпті тәрбиелеудегі ересектердің жағымды үлгісіне, әсіресе педагогтар мен ата-ананың үлгісіне, зор мән берген.
Макаренко саналы тәртіп мәселесіне тығыз байланысты түрде балалардың борыш, арнамыс сезімдерін тәрбиелеуді терең зерттеген. Коллективтің әрбір мүшесі бастауыш коллективтен бастап социалистік Отанының онан талап ететін борышына түсініп, сезіне білуі керек деді. “Біздің өз азаматымыздан талап ететініміз, ол өз өмірінің әр минуты сайын әрқашан борышын орындауға дайын болуы керек, бұл жөнінде біреудің бұйыруын немесе жарлық етуін күтпейтін болсын, ол инициативалы және творчестволық жігер-қайратты болсын”,— деген Макаренко. Сонымен бірге коллективтің әрбір мүшесінің арнамыс сезімі болуы тиіс, өз коллективі мен Отанын мақтан ете білуі қажет.
Семья тәрбиесі А.С Макаренконың семья тәрбиесі теориясы-на қосқан үлесі мол, оның осы мәселе жөніндегі “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары” балаларды семьяда тәрбиелеу жөніндегі өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып есептелінеді. Бұл еңбектер ата-аналар арасында жүргізілетін педагогикалық үгіт жұмысынан бастап, оны өрістетуге және бүкіл тәрбие жұмысының құлаш жаюында ерекше роль атқарды. Семья — өте үлкен және аса жауапты жұмыс, бұл жұмысты ата-аналар басқарады, бұл үшін қоғам алдында, өз бақыты және балалары алдында жауап береді”,— деді Макаренко.
Макаренконың пікірінше, семья тәрбиесіне керекті басты жағдайлар: семьядағы еңбектің дұрыс ұйымдастырылуы, дұрыс құрылған режим, ата-аналар мен семьяның басқа мүшелерінің арасындағы сүйіспеншілік және сыйластық, ата-аналар мен ересек семья мүшелерінің шын беделінің болуы. Ал шын беделге негіз болатын жағдайлар: семьядағы ересектердің өздерінің азаматтың міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарауы, балаларға дұрыс, ретімен сүйіспеншілік білдіруі және талап қоя алуы. Сүйтіп, Макаренконың көрсетуінше,
227
семьядағы тәрбие жұмысының шын мәні балалармен сөз, үгіт жүзінде қатынас жасауда емес, семья мен балалар өмірін дұрыс ұйымдастыруда.
А.С. Макаренконың педагогикалық идеялары мен балаларға коммунистік тәрбие беру жөніндегі тамаша тәжірибесін біздің халқымыз жоғары бағалайды. Себебі социалистік педагогиканың үздік шыққан жаңашыл қайраткері Антон Семенович Макаренконың педагогикалық жүйесі ғылыми негізді, бай мазмұнды. Оның еңбектерінде жаңа адамгершілік қатынастардың, адамға деген жаңа сенімнің, талап қоюға негізделген қатаң тәртіптің, коллективтің ұлы күші айқын көрсетілген.
Макаренконың педагогикалық теориясы — совет педагоги-касының өткен кезеңдегі тарихи мұрасы ғана емес, ол қазіргі совет мектебі мен басңа тәрбие орындарының жұмысына творчестволық тұрғыдан пайдаланылатың бағалы педагогикалық ескерткіш.
Макаренконың құнды педагогикалық ұсыныстарын жалпы білім мектебінде пайдаланумен бірге, кеңінен өріс алып дамыған басқа тәрбие орындарында (интернаттар, балалар үйлері, еңбек резервтері училищелері т. б.), әсіресе социалистік тәрбие орнының жаңа типі — мектеп-интернаттарда ұқыпты түрде қолданылуда.
Социалистік қоғам құруды аяқтау және
коммунизм құруды өрістету дәуіріндегі
совет мектебі және педагогика
(1937—1980 жылдар)
¥лы Отан соғысы қарсаңындағы және соғыс жылдарындағы совет мектебі (1937—1945 жылдар)
Екінші бесжылдықтың (1933—1937) аяғында СССР-де со-циалистік қоғам негізінен құрылып, еліміз өзінің дамуында жаңа — социализм құру дәуірін аяқтау және коммунизмге бірте-бірте өту дәуіріне аяқ басты. 1939 жылдың март айында болған партияның XVIII съезі еңбекшілерге коммунистік тәрбие берудің, адамдар санасындағы капитализмнің қалдықтарын жоюдың шешуші мәнін ерекше атап өтті.
1939 жылы ВКП(б)-ның XVIII съезі өз қарарларында еліміздегі социалистік құрылыстың барлық салаларындағы зор табыстарын қорытты, социалистік қоғам құруды аяқтау және бірте-бірте коммунизмге өтудегі міндетті анықтады. Съездегі есепті баяндамада екінші бесжылдық кезеңінде елімізде шын мәнінде мәдени революция жүзеге асырылғандығы аталып көрсетілді. СССР халықтарының барлық тілдерінде жаппай
228
бастауыш білім беру жүзеге асырылды. Мектептің және онда оқитын оқушылардың саны едәуір көбейді, жоғары оқу орнын бітірушілердің саны артты, жаңа совет интеллигенциясы қалыптасты.
Съезде қабылданған үшінші бесжылдық жоспар елімізде іске асырылатын мәдени құрылыстың программасын белгіледі, қалада жаппай орта білім беруді, селолық, жерлерде жаппай жеті жылдық оқуды жүзеге асыруды аяқтау міндеті белгіленді. Орта мектепті бітірушілердің ерекше көбеюіне байланысты, олардың белгілі бөлімі тікелей еңбекке араласатындықтан, келешек жұмысқа даярлау мәселесі күн тәртібіне қойылып отырғаны съезде аталып өтті.
Съезд қарарлары мектептің барлың жұмыс сапасын жақсартуды батыл талап етті. Оқушыларды ғылым негізімен қаруландыруда совет мүғалімдері едәуір табыстарға ие болды. Мұғалімдердің талабының артуына қарамастан, оқушылардың сабақ үлгірімі жақсарды, класта екі жыл қалып қоюшылардың саны азайды, балалардың сауатын жақсартуға көп көңіл бөлінді.
Сонымен қатар мектеп жұмысында елеулі кемшіліктер орын алып келді: оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға араласуы әлсіреді, оқытуда көбінесе кітапқа, сөзге негізделген әдістер басым орын алды, оқушылардың білімінің өмірмен байланысына аз көңіл бөлінді, политехнизм мен еңбек тәрбиесі нашарлады.
1940—1941 оқу жылында совет мектебінде жаңа оқу жоспары енгізілді. Бұл алғашқы қала және ауыл мектептеріне де бірдей міндетті жоспар еді. 1940 жылы мектепте жаппай оқытуға жататын балалардың толық есебі алынды, олардың мектепте оқуына қатаң бақылау қойылды. Еліміздің ауыл шаруашылығын коллективтендіру үшін күресу жылдарында (1930—1934) социалистік қоғам құруды аяқтау және коммунизмге бірте-бірте өту дәуіріндегі (1935—1941) коммунистік партияның негізгі көңіл бөлгені жас ұрпаққа коммунистік тәрбие беру, мектеп жүйесін кеңіту және мектеп жұмысының сапасын жақсарту болды.
Мектеп жөніндегі партия съездерінің қарарлары, партия Орталың Комитеті мен Совет өкіметінің қаулылары мектеп жұмысының жақсаруына, педагогика ғылымының дамуына игілікті әсер етті. Педагогтық институттар үшін педагогикадан оқулық даярланып, басылып шықты. Бүл оқулық совет педагогика курсының мазмұнын белгіледі. Дидактика мәселелеріне арналған бірнеше жұмыстар жарық көрді. Совет дидактикасы бірнеше дидактикалық принциптерді белгіледі (саналылық, көрнекілік, жүйелілік, теорияның практикамен байланыста беріктігі, оқушылардың белсенділігі). Сабақтың түрлері белгіленді. Оқушылардың білімін күнделікті есепке
229
алу, бағалау жүйесі енгізілді, оқушылардың білімін тексерудің және баға қоюдың нормасы белгіленді.
Бұл дәуірдегі педагогика саласындағы зерттеу жұмыстарында дидактика мәселесіне көп көңіл бөлінді және бұл салада көп жұмыстар істелінді. Ал аз зерттелінген мәселе мектептегі тәрбие жұмысы болды. Бұл салада Н. К. Крупскаяның “Пионерлерге хат” деген жинағының мәні өте зор. Жинақта коммунистік тәрбиенің негізгі мәселелері қамтылды. Осымен қатар А. С. Макаренконың әдеби-педагогикалық және теориялық еңбектерінің де ролі өте күшті болды. Бұл еңбектер тәрбие мәселелеріне, соның ішінде коллективте тәрбиелеу, еңбек арқылы тәрбиелеу және семьядағы тәрбие проблемаларына арналған. Әсірсе А. С. Макаренконың “Ата-аналар кітабы” жарыққа шыққаннан кейін, семья тәрбиесіне ерекше көңіл бөліне бастады, бұл мәселе жөнінде бірнеше еңбектер пайда болды, конференциялар өткізілді.
Әсіресе тәртіптілікке тәрбиелеу мәселесіне бұл дәуірде көп көңіл бөлінді. 30-жылдың аяғындағы зерттеулерде политехникалық оқыту және еңбек тәрбиесі мәселелеріне назар аударылды.
Қаралып отырған дәуірдегі совет педагогикасының ірі жетістігі — мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің теориялық жағынан қалыптасуы еді. Педагогика тарихының мәселелері де кең зерттелді. Педагогика және оның тарихынан оқулықтар мен оқу құралдары жазылуымен қатар, педагогика мен мектептің даму тарихы жөнінде бірнеше монографиялар жарың көрді. Бірнеше методикалық журналдар (“Русский язык в школе”, “Математика в школе”, “Естествознание в школе” т. б.) шыға бастады. Мұндай журналдар орта мектепте оқытылатын барлық негізгі пәндер бойынша шығарылды. 1937 жылдан бастап ай сайын ғылыми-педагогикалық журнал — “Советская педагогика” шығарылды. Педагогика ғылымының қайраткерлері мен мектеп мұғалімдерінің арасында байланыс нығайды. Бұл байланыс теориялың педагогикалық ойдың дамуымен қатар, мектептің практикалық жұмысының жақсаруына да тікелей әсер етті. 1939—1941 жылдары педагогикалық ғылымдардан бірнеше ғылыми конференциялар және мәжілістер өткізілді
Достарыңызбен бөлісу: |