Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет120/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Амортизациялық қор
– бұл негізгі капитал 
қорының қаражаты жыл сайын жасалып және жиналып отыратын 
амортизациялық жарналар. Амортизациялық қордың қаражаттары 
ескірген құрал-жабдықтарды толық алмастыруға, жабдықтарды 
жөндеуге, жетілдіруге, сондай-ақ қосымша машиналар, станоктар 
және басқа да құралдарды сатып алуға пайдаланылады. Демек, 
амортизациялық қор өндірісті ұлғайту үшін қолданылады, капитал 
қорлануының қосымша көзі ретінде қызмет етеді.
Өндіргіш капиталдың, яғни негізгі капитал мен айналмалы 
капиталдың қызмет ету сапасы мен тиімділігін бірқатар көрсеткіштер 
анықтайды. 
Негізгі капитал корының көрсеткіштері:
1. Қор қайтарымдылығы.
Негізгі капитал қорының мың теңге 
құнына қанша өнім келетіндігін сипаттайды және ол бір жыл ішінде 
өндірілген дайын тауар құнының негізгі капитал қорының орташа 
жылдық құнына қатынасы ретінде анықталады:


138
Қ
Қ
 = Т
Ө 
/ Қ
О 
.
Мұнда, Т
Ө
– теңгемен есептегенде бір жыл ішінде өндірілген таза 
өнімнің тауарлы немесе атаулы құны; Қ
О
– теңгемен есептегенде 
негізгі капитал қорының орташа жылдық құны.
Мысалы: Кәсіпорын жыл бойы шығарылған өнімнің жалпы көлем-
ін (Т
Ө
) 198 мың теңгеге өндірді. Осы мезгілде негізгі қордың орташа 
жылдық құны (Қ
О
) 180 мың теңгені құрады. Қор қайтарымдылығы 
көрсеткіші қаншаға тең?
Шешімі: 198 мың / 180 мың = 1,10 теңге.
2. Қор сиымдылығы.
Қор қайтарымдылығы шамасына кері 
көрсеткіш болып табылады және ол негізгі капитал қорының бір өнім 
өлшеміне шаққандағы құнымен анықталады (теңгемен есептегенде):
Қ
С
 = Қ
О
 / Т


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет