Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет123/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштері.
Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингісінде елдің бизнес-
ахуалы 2008 жылы 64 орынды, 2009 жылы 63 орынды, 2010 жылы 
58 орынды, 2011 жылы 47 орынды иеленді. Бұдан басқа, Қазақстан 
2010 жылы кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қолайлы жағдайлар 
жасауда ең жақсы нәтижелерге жету бойынша 10 елдің ішінен 
1-орынға шықты.
Doing Business рейтингісінде 2011 жылы бизнесті ашу, меншікті 
тіркеу, инвесторларды қорғау, салық салу, келісімдерді орындау және 


141
кәсіпорындарды жою сияқты маңызды салалар бойынша Қазақстан 
алдыңғы 50 елдің қатарынан табылды.
ШОК субъектілерін қаржылық қолдау шаралары.
Кәсіпкерлікті 
дамыту комитеті «Даму» Қорымен бірге «Бизнестің жол картасы – 
2020» Мемлекеттік Бағдарламасын (әрі қарай – Бағдарлама) жүзеге 
асырып жатыр. Бағдарламаның мақсаты болып шикізаттық емес 
секторларда аймақтық кәсіпкерлікті тұрақты және теңгерімді дамыту, 
сонымен қатар іс жүзіндегі жұмыс орындарын сақтау және тұрақты 
жаңа жұмыс орындарын ашу табылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында жалпы сомасы 350 456,9 
млн. теңгеге 1 112 жоба субсидияландырылды. Жобалардың басым 
бөлігі мына салаларда орын алды, яғни агроөнеркәсіптік кешен – 265 
жоба, көлік пен қоймалау – 223 жоба, жеңіл өнеркәсіп пен жиһаз 
өндірісі – 160 жоба.
2012 жылдан бастап Бағдарламаға төмендегідей қаржы құралдары 
енгізілді:
1. Несиелендіруді кепілдендірудің жаңа жүйесі, бұл кәсіпкерлердің 
несие ресурстарына деген қол жетімділігін жақсарту мақсатында 
әзірленді.
2. Жаңашылдығымен ерекшеленген жаңа бизнес-идеяларды жүзеге 
асырушы өз ісін енді бастаушы кәсіпкерлерді қолдау.
«Жұмыспен қамту – 2020» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 
шағын несиелерді беру және оқыту бағдарламаларын жүргізу арқылы 
ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету шаралары 
да жүзеге асырылады. Бұл Бағдарламаға қатысушыларға 2011 жылы 
микрокредиттік ұйымдар арқылы 3 569 млн. теңге көлемінде шағын 
несие берілді. Жалпы алғанда, Бағдарламаның 1 435 қатысушысы 
несие ресурстарымен қамтамасыз етілді. Шағын несиенің орташа 
көлемі 1 862 мың теңгені құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет