Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект)



Pdf көрінісі
бет126/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
1) Франчайзинг және венчурлік бизнес.
2) Кәсіпкерлік тәуекел және оның түрлері.
5. Есептер:
1. Акционерлік қоғамның (АҚ) инвестициялық қоржынында 
келесі акциялар бар. А серіктестігінде – 3 акция, В серіктестігінде – 
2 акция және С серіктестігінде – 5 акция бар, бәрі бірдей курстық 
құндылықта. Инвестициялық қоржынның құны қалай өзгереді, егер 
А серіктестігінде акция курсы 18%-ға, В серіктестігінде – 16%-ға 
көбейсе және С серіктестігінде – 15%-ға төмендесе?
2. Фирманың иесі құны 1 млн. теңге тұратын станок сатып алуға 
шешім қабылдады. Өнімді өткізу шығыны 800 мың теңгені құрғанда, 
сатудан түскен түсім 2 млн. теңгеге жетеді. Анықтау керек:
1) жоба бойынша күтілетін таза пайданы;
2) күтілетін таза пайда мөлшерін;
3) несиеге станок сатып алудағы несие ставкасын:
а) 15% және ә) 25% алуды қажетті немесе қажетті еместігін.
6. Тест тапсырмалары:
1. Фирманың толық анықтамасы:
А) Фирма – бұл нарыққа бір немесе бірнеше тауарлар мен 
қызметтер ұсыну арқылы оның меншік иелеріне пайда әкелу 
мақсатында мекеменің біртұтас басқаруындағы ұйым


145
В) Фирма – бұл қызметінің барлық жақтарын қамтамасыз ететін 
келісімдерді жасау үшін барлық құқықтарға ие болатын 
ұжымдық сипаттағы шаруашылық бірлік
С) Фирма – бұл тауарлар мен қызметтерді әрі қарай сату 
мақсатында оны өндіру бойынша өндірістік үдерістерді жүзеге 
асыратын ұйымдық экономикалық қызмет
D) Фирма – бұл нарыққа жаңа тауар шығарумен айналысатын 
ұйым
Е) Фирма – бұл кешенді маркетинг арқылы нарықта тауарлар мен 
қызметтерді өткізумен айналысатын ұйым
2. Бизнесті ұйымдастырудың негізгі формаларын көрсетіңіз:
A) Нарық, өндіріс B) Фабрика, зауыт, кәсіпорын
C) Жеке кәсіпкерлік, серіктестік, корпорация
D) Бәсекелестік, биржа E) Монополия және монопсония


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет