Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет147/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Негізгі ұғымдар
өндіріс факторларының нарықтары, туынды 
сұраныс, факторлық табыстар, еңбек нарығы, еңбекке деген сұраныс, 
еңбек ұсынысы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік, жалақы, мерзімді 
жалақы, кесімді жалақы, капитал, негізгі капитал, айналмалы капитал, 
адам капиталы, тозу, капитал нарығындағы тепе-теңдік, пайыз, атаулы 
пайыз мөлшерлемесі, нақты пайыз мөлшерлемесі, жер, жер нарығы, 
рента, абсолютті рента, ерекшеленген рента, жердің бағасы, т.б.
9.1 Өндіріс факторларына деген сұраныс пен ұсыныс, оның 
ерекшеліктері
Экономикалық ресурстар өзінің қызметін өндірістік үдеріс 
барысында іріленген түрінде негізгі өндіріс факторлары ретінде 
атқарады. Оларға еңбек, капитал, жер және басқа да факторлар жатады. 
Экономикалық қызметті бастайтын және пайда табу мақсатында 
саналы іс-әрекетке баратын кәсіпкер белгілі бір өнімнің түрін өндіру 
немесе қызмет көрсету үшін қажетті өндіріс факторларына сұраныс 
білдіреді. Бұл жерде өндіріс факторларының нарығы қалыптасады. 
Кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер осы нарықтардың негізгі сатып 
алушылары болып табылады, ал үй шаруашылықтары өндіріс 
факторларының иелері ретінде сатушылар қызметін атқарады. Әр 
өндіріс факторына сұраныс пен ұсыныс қалыптасып, ортақ тепе-
теңдік баға тағайындалып отырады. Әр өндірістік ресурс өзінің 
иесіне факторлық табыс алып келе алатындай қасиетке ие болуы тиіс. 


170
Мәселен, еңбектің иесі өзіне жалақы алады, капиталды сатушы өзіне 
пайызды алады, ал жердің иесі рентаға ие болады.
Өндіріс факторлары нарықтарының кәдімгі тауарлар мен қызмет-
тер нарығынан басты айыршылығы – фирмалар мен тұтынушылар 
рөлдерінің ауысуында болып табылады: фирмалар ресурстар 
нарығында сатып алушылар, ал тұтынушылар сатушылар ретінде 
жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, фирмалар ресурстарға сұраныс 
білдіреді және тұтынушылар ресурстардың ұсынысын жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет