Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет155/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Жерге деген сұраныс
– бұл белгілі бір мақсаттарда жер 
учаскелерін уақытша жалға алып пайдалануды немесе оны сатып 
алуды білдіретін қатынастар. Жерге сұраныс біркелкі болмайды, себебі 
ол ауылшаруашылықтық және ауылшаруашылықтық емес сұраныстар 
болып бөлінеді. Алдымен, жерге сұраныс ауылшаруашылық 
өнімдеріне деген сұраныстан туындайды. Ал ауылшаруашылықтық 
емес сұраныс тұрғын үйлерді, инфрақұрылым нысандарын, өндірістік 
ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін қажетті сұраныстармен 
байланысты.
Жердің ұсынысы
– бұл жер учаскесін оның қалыпты күйінде 
нарықтық қатынастар тұрғысынан сата алуын және немесе жалға 
беруін білдіретін қатынастар. Жердің ұсынысын мынадай екі негізгі 
фактор анықтайды:


179
1. Жердің құнарлылығы;
2. Жер учаскесінің нарыққа алыс немесе жақын орналасуы.
Жер нарығындағы тепе-теңдікті оны бағасы – 
жер рентасы
анықтайды. Жерге деген сұраныс көлемі рентаның мөлшеріне 
байланысты және оның қисығы кемімелі, теріс көлбеулі болып келеді. 
Ал жердің ұсынысы шектеулі және өте икемсіз болғандықтан, оның 
қисығы тік сызық түрінде болады. Жердің ұсынысына байланысты 
жердің бағасы өскенде оның көлемін арттыру немесе оның бағасы 
төмендегенде көлемін қысқарту мүмкін болмайды.
9.7-сурет.
Жер нарығындағы тепе-теңдік
Жер рентасы
– бұл меншіктен түсетін табыстың бір түрі ретінде 
жер учаскесін уақытша пайдаланғаны үшін төленетін төлем. Оның 
көлемі жерді жалға алу-жалға беру (аренда) келісімінде анықталады. 
Бұл жерде жер рентасы жал төлемі ретінде қарастырылады. Жерді 
қолдану дәрежесіне байланысты оның негізгі екі түрін анықтауға 
болады:
1. Абсолютті жер рентасы
– бұл жердің құнарлылығы мен басқа 
да ерекшеліктеріне байланысты болмайтын жалға берілетін барлық 
жерлерден алынатын рентаның бір түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет