Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет151/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

толық 
жұмысбастылық
жағдайында тұрғандығын көрсетеді. Мұндай 
жағдайда барлық кәсіпкерлер жалақының осындай деңгейінде 
еңбектің қажетті шамасын сатып алуға келіседі және олардың еңбекке 
деген сұраныстары толығымен қанағаттандырылады. Жұмыскерлер 


174
де осындай жалақыға өз қызметтерін ұсынуға келісіп, барлығы дерлік 
жұмыспен толығымен қамтылған жағдайда болады.
9.4-сурет 
Еңбек нарығындағы тепе-теңдік
Қазіргі экономикалық теорияда еңбектің бағасы болып жалақы 
табылады. Жалақы тар және кең мағынада қарастырылады. Тар 
мағынада, 
жалақы
– бұл өндірісте қолданылған еңбек бірлігінің 
бағасы. Ал кең мағынада, 
жалақы
деп әртүрлі мамандық иелері 
болып табылатын жұмыскерлердің жалпы еңбекақысы, сонымен қоса, 
сыйақылар және басқа да ынталандырушылық ақылар айтылады.
Жалақының екі түрі ажыратылады:
1) 
Атаулы жалақы
– бұл жұмыскерлердің белгілі бір уақыт 
аралығында өздерінің істеген еңбегі үшін алатын ақша сомасының 
жиынтығы.
2) 
Нақты жалақы
– бұл жұмыскерлердің өзі үшін және отбасын 
қамтамасыз етуі үшін алған жалақысына сатып ала алатын тауарлар 
мен қызметтерінің жиынтығы, басқаша айтсақ, нақты жалақы атаулы 
жалақының сатып алушылық қабілеті. Нақты жалақы екі факторға: 
а) атаулы жалақыға; ә) тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейіне 
тәуелді.
Тәжірибе жүзінде жалақының әртүрлі нысандары кездеседі. Соның 
негізгі екеуіне тоқталуға болады:
1) 
Мерзімдік жалақы
– бұл жалақының еңбектің нақты атқарған 
жұмыс уақытының шамасына байланысты төленуі. Мерзімдік жалақы 
әдетте, 
жай мерзімді
және 
мерзімді сыйақылы
болып тағайындалуы 
мүмкін.
2) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет