Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Ұлттық экономика деңгейіндегі табыстар мен



Pdf көрінісі
бет167/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

10.2. Ұлттық экономика деңгейіндегі табыстар мен 
шығындардың шеңберлі айналымы
Макроэкономикалық теорияда ұлттық экономика шеңберінде 
табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы туралы зерттеледі.
Нарықтық қатынастар жағдайында алуан түрлі тауарлар мен 
қызметтердің көптеп өндіріледі, ал олардың өндірісіне әртүрлі 
факторлар қатысады. Нарықтың белгілі субъектілері әртүрлі 
факторлардың иелері ретінде табыстарды алып отырады. Бірақ 
осындай субъектілердің табыстары бір уақытта нарықтағы басқа 
бір субъектілердің шығындары ретінде көрінеді. Сондықтанд 
макроэкономикалық талдау тұрғысынан табыстар мен шығындардың 
айналымы туралы қарастырудың маңызы зор болып табылады.
Негізінен, ұлттық экономика шеңберінде айналатын табыстар 
мен шығындардың қалыптасуына нарықтың барлық субъектілері 
қатысады. Ол қарапайымнан күрделіге қарай кете береді. Осындай 
айналымның бірнеше түрлері орын алады.
1. Жабық экономикадағы мемлекеттің қатысуынсыз табыстар мен 
шығындардың айналым үлгісі. 
2. Жабық экономикадағы мемлекеттің қатысуымен табыстар мен 
шығындардың айналым үлгісі. 
3. Ашық экономикадағы табыстар мен шығындардың айналым 
үлгісі.


194
10.1-сурет
Ұлттық экономикадағы табыстар мен шығындардың
шеңберлі айналым үлгісі
Біздің мысаламызда мемлекет және сыртқы орта қатыспайтын 
табыстар мен шығындардың қарапайым айналым үлгісі сөз етіледі 
(10.1-сурет).
Осы сызбадан көріп отырғанымыздай, сағат тілі бойымен жүретін 
бағыт бойынша үй шаруашылықтарынан өндіріс факторлары 
нарығына факторлық қызметтер (еңбек, капитал, жер қызметтері) 
келіп түседі. Өз кезегінде, игіліктер нарығы арқылы фирмалардан 
үй шаруашылықтарына әртүрлі материалдық және материалдық 
емес игіліктер келіп түседі. Сағат тілі бойымен жүретін ресурстар 
мен соңғы өнімдер ағынын 
нақты ағындар
деп атайды. Нақты 
ағындар ақшалай ағындармен қамтамасыз етіліп отырады. Сондықтан 
сағат тіліне қарсы жүретін бағытты 
ақшалай ағындар
деп атайды. 
Фирмалардан үй шаруашылықтарына факторлық қызметтердің 
төлемдері келіп түседі. Үй шаруашылықтары үшін – бұл олардың 
табыстары саналады. Ал фирмалар үшін – бұл олардың шығындары 
ретінде көрінеді. Әріқарай сағат тіліне қарсы бағыт бойынша үй 
шаруашылықтарынан фирмаларға соңғы тауарлар мен қызметтерді 
сатып алғаны үшін төлемдер келіп түседі. Үй шаруашылықтары үшін 
бұл ақшалай төлемдер шығындары, ал фирмалар үшін табыстары 
болып табылады.
Сонымен, бұл суретте жабық экономикадағы нақты игіліктер 
ағыны мен ақшалай ағындардың шеңберлі айналымы көрсетілген.


195


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет