Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет284/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Жалпы ішкі өнім дефляторы
– атаулы жалпы ішкі өнімнің нақты 
жалпы өнімге қатынасы; нақты жалпы ішкі өнімді өлшеу мақсатында 
ақшалай (атаулы) жалпы ішкі өнімді түзетіп отыру үшін қолданы-
латын барлық дайын тауарлар мен қызметтерге деген бағалар индексі.
Жалпы ұлттық өнім
– әдетте, бір жыл ішінде белгілі елдің ұлттық 
ресурстарын қолданумен өндірілген дайын барлық тауарлар мен 
қызметтердің жалпы нарықтық құны.
Жалпы шығындар
– тұрақты және өзгермелі шығындардың 
сомасы.
Жаңа енгізілім
(инновация) - өндіріске жаңа өнімді енгізу, жаңа 
өндіріс-тік әдісті немесе бизнесті ұйымдастырудың жаңа нысанын 
қолдану.
Жеке қызығушылық
– әрбір фирманың, әрбір меншік иесінің, 
жұмыскердің, тұтынушының өзі үшін қол жеткізілуі тиіс ең жақсы 
деп саналатын мақсаттарының орындалуы.
Жеке меншік
– жеке тұлғалар мен фирмалардың жерді, капиталды 
және басқа активтің түрлерін иемденуге, пайдалануға, бақылауға, 
басқаруға, сатуға және мұраға қалдыруға деген құқығы.
Жеке сектор
– елдегі үй шаруашылықтары мен фирмалардың 
жиынтығы.
Жеке табыс
– жеке табыс салықтарын төлегенге дейінгі 
азаматтардың алатын жиынтық табыстары.
Жеке фирма
– бір ғана тұлға иемденетін және басқаратын 
корпоративтік емес фирма.
Жер
– тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін қолданылатын табиғи 
ресурстар.
Жетілмеген бәсеке
– нарықта монополия, монополистік бәсеке, 
олигополия, монопсония, олигопсония сияқты құрылымдардың орын 
алу жағдайы.
«Жетпіс шамасы» (70) ережесі
– 70 санының инфляцияның 
жылдық қарқынына бөлінуі; бағалар деңгейінің екі еселенуіне қажетті 
жылдар санын анықтау үшін қолданылатын әдіс.
Жинақтау
– салықтарды төлегеннен кейінгі тұтыну тауарларын 
сатып алуға жұмсалмайтын табыстың бір бөлігі; қолда бар табыс пен 
тұтыну шығындары арасындағы айырма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет