Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Кедейшілік – индивид немесе отбасы қажеттіліктерінің қолда бар  құралдарынан асып кетуі жағдайы. Кейнстік экономикалық теория



Pdf көрінісі
бет287/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Кедейшілік
– индивид немесе отбасы қажеттіліктерінің қолда бар 
құралдарынан асып кетуі жағдайы.
Кейнстік экономикалық теория
– капиталистік экономиканың 
өздігінен ресурстардың толық қамтылуын қамтамасыз ете алмай-
тындығын және олардың толық қамтылуына қол жеткізу үшін бюджет-
салық және ақша-несие саясаттарын қолдану керектігін түсіндіретін 
және экономикаға мемлекеттің араласу қажеттілігін жақтайтын 
көптеген экономистермен мойындалған макроэкономикалық бағыт.
Классикалық экономикалық теория
– капиталистік экономика-
ның мемлекеттің араласуынсыз өздігінен ресурстарды толық қолдана 
алатындығын түсіндіретін ХХ-ғасырдың 30-шы жылдарына дейін 
көптеген экономистермен мойындалған макроэкономикалық бағыт.
Коммерциялық банктер
халықтың уақытша бос ақша-
қаражаттарын тартып несие берумен айналысатын және банктік 
операцияларды жүргізуге үкіметтен рұқсаты бар фирмалар.
Коуз теоремасы
– сыртқы әсерлердің мәселесін мемлекеттің 
қатысуын-сыз өзара мүдделі жақтармен белгілі бір келісімдерге келу 
арқылы шешуге болатындығын дәлелдейтін теория.
Көлденең кесінді
– өндіріс көлемінің өзгеруіне қарамастан бағалар 
деңгейінің тұрақтылығы сақталатын жиынтық ұсыныс қисығының 
көңденең бір бөлігі.
«Үміт үзген» жұмысшылар
– жұмыс таба алмағаны үшін жұмыс 
күші құрамынан шыққан жұмысшылар.
Көлденеңінен бірігу
– өндірістің белгілі бір кезеңін жүзеге 
асыратын және бір фирманың меншігі болып табылатын кәсіпорындар 
тобы.
Көлденеңінен қосылу
– өнімнің белгілі бір түрін өндіретін 
бірнеше фирмалардың бір фирма болып толығуы.
«Көрінбейтін қол»
– қоғам мүдделерін ең жақсы жағынан 
қамтамасыз ету және қажеттіліктерді максималды түрде қанағат-


342
тандыру мақсатында фирмалардың және ресурс иелерінің бәсекелес 
нарықтарда мүмкіндігінше көбірек пайда табуларына итермелейтін 
ынталары мен күш-жігерлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет