349
Сэй заңы
– тауарлар мен қызметтер өндірісі (жиынтық ұсы-
ныс) соларға тең жиынтық сұранысты
тудырып отырады деген
макроэкономикалық қағида (шешімін таппаған теория).
Табыстардың теңсіздігі
– елде
өндірілген жиынтық табыстың
жекелеген тұлғалар мен жанұяларға тең бөлінбеуі.
Таза бәсеке
– стандартты тауарлар сататын фирмалар санының көп
болуы, салаға еркін кіріп одан шыға алу мүмкіндіктерінің болуы, жеке
сатушының сатылатын тауарының бағасына бақылау жасай алмауы,
бағалық емес бәсекенің болмауы, сатып алушылар санының көп болуы
сияқты шарттары орындалатын нарықтың жағдайы.
Таза монополия
– фирманың жақын алмастырушысы жоқ ерекше
тауарды сатуы, салаға кіру мүмкіндігі жоқтығы, сатылатын өнімінің
бағасына толықтай бақылау жасай алуы сияқты шарттар орындалатын
нарықтың жағдайы.
Достарыңызбен бөлісу: