345
Олигополия
– нарықта бірнеше ірі фирмалар стандартталған
немесе ерекшеленген тауарлар өндірумен айналысатын, олардың
әрқайсысы тауар бағасына айтарлықтай бақылау жасай және шешім
қабылдауда бір-бірінің ықтимал реакцияларын ескеріп отыратын
жетілмеген бәсекенің бір типі.
Олигопсония
– бірнеше сатып алушыларға ғана әрекет ететін
нарықтың жағдайы.
ОПЭК
– мұнай экспорттаушы-елдер ұйымы; шикі мұнайды
импортерлер-ге сату бойынша мұнай бағасы мен оның көлеміне
бақылау жасап отыру үшін 1960 жылы құрылған, құрамында мұнай
өндіруші 13 мемлекет бар халық-аралық картель; мұнайдың әлемдік
экспорттының маңызды бөлігі тиесілі елдер картелі.
Орталық банк
– ақша шығаруға құқығы бар және басты қызметі
берілген елдегі айналымдағы ақша жиынына бақылау жасау болып
табылатын эмиссиялық банк.
Орташа жалпы шығындар
– фирманың жалпы шығындарының
өндірілген өнім көлеміне қатынасы; орташа тұрақты және орташа
өзгермелі шығындардың қосындысы.
Орташа өзгермелі шығындар
– фирманың өзгермелі шығын-
дарының өнім көлеміне қатынасы.
Орташа өнім
– ресурстардың бір бірлігіне шаққандағы өндірілген
өнімнің жалпы көлемі.
Орташа табыс
– өнімді сатудан түскен жалпы түсімнің өнім
көлеміне қатынасы; жетілген бәсеке жағдайында өндірілген өнімнің
бағасына тең шама.
Орташа тұрақты шығындар
– фирманың тұрақты шығындары-
ның өнім көлеміне қатынасы.
Оукен заңы
– жұмыссыздықтың нақты деңгейінің толық
жұмысбасты-лық жағдайындағы табиғи деңгейінен 1%-ға асып
кеткенде нақты ЖІӨ-нің әлеуетті ЖІӨ деңгейінен 2,5%-ға қалып
отыруын сипаттайтын қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: