347
Өтімділік
– ақшаның немесе тауардың өзінің сатып алушылық
қабілетін жоғалтпай басқа бір ақшаның немесе активтің түріне
жылдам, әрі оңай айнала алуы.
Пайда
– табыстар мен шығындар арасындағы айырма; кәсіпкерлік
қабілеттіліктерін экономикаға ұсынатындардың алатын таза
табыстары.
Пайдалылық
– тауарлардың немесе
қызметтердің бір немесе
бірнеше қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қабілеті.
Пайыз мөлшерлемесі
– ақшаны немесе капиталды пайдаланудың
бағасы.
Позитивтік экономика
– нақты
деректер мен фактілерге
негізделген экономиканың дәл қазіргі жай-күйі.
Рейганомика
– ұсынысқа баса назар аударатын,
инфляция мен
жұмыссыздықты, яғни стагфляцияны төмендетуге бағытталған Рейган
әкімшілігінің саясаты.
Ренталық табыс
– экономиканы жер ресурстарымен қамтамасыз
ететін тұлғалардың алатын табыстары.
Ресурстар нарығы
– үй шаруашылықтары ресурстарды сататын
және фирмалар сол ресурстарды сатып алатын нарық.
Достарыңызбен бөлісу: