Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет288/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Қағаз ақшалар
– айналым құралы ретінде қолданылатын қағаз 
белгілері.
Қалыпты пайда
– фирманың өзінің кәсіпкерлік қабілетін жүзеге 
асыруы-на және өз аумағында ұстанып қалуына мүмкіндік беретін 
кәсіпкерлік табыстың ең минималды көлемі; жасырын шығындар.
Қалыпты тауарлар
– табыс өскенде (қысқарғанда) тұтынушының 
кез-келген бағамен үлкен (кіші) көлемде сатып алуға дайын тауарлары.
Қоғамдық игіліктер
– нарық жағдайында өндіріле алмайтын 
және өндірісі мемлекетпен қамтамасыз етілетін қоғам үшін маңызды 
пайдалылықтар алып келетін тауарлар немесе қызметтер.
Қолда бар табыс
– жеке табыс салықтарын төлегеннен кейінгі 
тұтыну мен жинақтауға арналған жеке табыстар.
Қосарлы есептеу
– аралық өнімдер құнын жалпы ішкі өнім 
құрамында есепке алу.
Қосылған құн
– фирманың сатуға тиіс тауар құны мен сол 
тауарды өндіруге қолданылған және сатып алынған ресурстар құны 
арасындағы айырмашылық; жалақы, пайыз, рента және пайда сияқты 
табыстардың теңдігі.
Құнның еңбектік теориясы
кез-келген тауар құны оның 
өндірісіне жұмсалған еңбектің шамасымен анықталатын дәлелдейтін 
маркстік тұжырымдама.
Құрылымдық жұмыссыздық
тұтыну тауарларына сұраныс 
құрылы-мының және өндірістегі технологиялардың өзгеруіне 
байланысты болатын жұмыссыздық; фирмалар тарапынан кейбір 
мамандықтарға сұраныстың қысқаруынан немесе мүлдем жоғалуынан 
сол мамандық иелерінің мәжбүрлі түрде ұзақ уақыт бойы жұмыссыз 
қалуы.
Қызмет, қызмет көрсету
– тұтынушының, фирманың және 
мемлекеттің ақшаға айырбастай алатын қолға ұстап, көруге 
болмайтындардың барлығы.
«Қымбат» ақшалар саясаты
– экономикалық белсенділікті тежеу 
үшін айналымдағы ақша массасын қысқарту саясаты.
Күтімдер
– тұтынушылар мен фирмалардың болашақта қандай 
жағдайлар орын алатындығы туралы жеке пайымдаулары.
Лаффер қисығы
– салық мөлшерлемелері мен салықтық түсімдер 
арасындағы байланысты көрсететін және салықтық түсімдерді 


343
максимумға жеткізетін салық мөлшерлемесінің тиімді деңгейін (0-ден 
100%-ға дейін) анықтайтын қисық сызық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет