Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет106/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

2. Акцияларды сату,
яғни кәсіпорын капиталындағы үлестерді 
сату. Бұл жерде тендерлер жарияланып, үміткерлер қатысатын жабық 
сауда инвестициялық конкурс арқылы жүргізіледі. Инвестициялық 
конкурс – коммерциялық конкурсқа ұқсас, бірақ жеңіс өлшемдері 
жекешелендіру объектісінің инвестиция мерзімі мен мөлшері болып 
табылатын сауда-саттық.
3. Жалға берілген кәсіпорындардың мүлкін сатып алу. 
Бұл жерде кәсіпорындарды сату аукциондар арқылы ашық сауда 


58
тәсілдерімен жүргізіледі және сатып алушыға максималды баға 
қоюдың талабы ұсынылады.
Қазақстанда кең көлемді жекешелендіру 1991 жылы басталды. 
Бұл үдерістің негізгі бағыттары үш кезеңнен өтті. Үкіметтің 
бағдарламалары бойынша 31 мың кәсіпорынды мемлекетсіздендіру 
және жекешелендіру жоспарланды.
1991-1992 жылдарға арналған мемлекетсіздендіру мен жекеше-
лендірудің алғашқы ұлттық бағдарламасы мемлекеттік меншікті 
басқа нысандарға айналдыруды, азаматтардың мемлекеттік 
кәсіпорындардың мүліктерін (акцияларын) сатып алуды мақсат етіп 
қойды.
1993-1995 жылдарға арналған екінші ұлттық бағдарлама кіші, 
жаппай және жеке жобалар бойынша жекешелендірудің түрлерін 
қарастырып, нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасауды мақсат 
етті.
1996-1998 жылдарға арналған үшінші ұлттық бағдарлама негізінен 
жекешелендіру үдерісін аяқтау арқылы экономикада жеке сектордың 
басымдылығына қол жеткізіп, оны бекітуді мақсат етті.
Бірінші кезең.
Кіші жекешелендіру 1991-1992 жылдары жүргізіл-
ді. Бұл кезеңде сауда, қызмет көрсету аясындағы кіші және орта 
кәсіпорындардың 50%-ы жекешелендірілді. Мемлекеттік меншіктің 
мөлшері мен құрамын белгілеу, меншік құқығын беру тетіктерін 
әзірлеу шаралары жүзеге асырылды.
Екінші кезең.
Үлкен және жаппай жекешелендіру 1993-1996 
жылдары жүргізілді. Бұл кезеңде орта және ірі кәсіпорындар 
жекешелендірілді. Бұл кезең кіші жекешелендіру бағдарламасының 
аяқталуын, жаппай жекешелендіру және жеке жобалар бойынша 
жекешелендіруді белсенді іске қосуды көздеді. Бұл жерде жаппай 
жекешелендірудің мынадай артықшылықтарын көрсетуге болады, 
біріншіден, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен жұмысбастылықты 
көтеруге жағдайлар туындайды, екіншіден, жаппай жекешелендіру 
шаралары үлкен мемлекеттік шығындарды талап етпейді. Сонымен 
қатар, жаппай жекешелендіру мемлекеттің халыққа ұлттық 
мүлікті қайтару шарасын мақсат тұтып, кәсіпорындарды кең 
көлемде қайта құрылымдауды, оларды басқаруды жетілдіруді және 
қаражаттардың қосымша көздерін қамтамасыз етуді қарастырады. 
Республиканың жұмысқа жарамды халқының 17%-ның тағдыры 
жаппай жекешелендірудің нәтижелеріне тәуелді болып табылды.
Үшінші кезең.
Жеке жобалар бойынша 1997-2000 жылдары 
жүргізілген жекешелендіру жекешелендірудің аяқталу кезеңі деп 


59
аталады. Күтілген оң нәтижелері: экономикалық тиімділіктің 
өсуі, кәсіпорындарды басқаруды жетілдіру, жекешелендірілген 
кәсіпорындардың және олардың өндірген тауарларының бәсекелік 
қабілеттілігін көтеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет