Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет102/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

11. Қалдықтық сипат құқығы
, яғни бұзылған құқық шараларын 
қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.
Сонымен, меншіктің экономикалық категория ретіндегі мәні 
мынаған келіп саяды, яғни 
меншік
бұл адамдар арасындағы 
материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және 
тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.
Меншік қатынастары меншік объектілерін иемдену жөнінде 
меншік субъектілерінің арасында қалыптасып отырады. 
Меншік 
субъектілері
– бұл олардың арасында меншік қатынастары туындап 
отыратын тұлғалар, оларға жеке индивидтер, отбасы, әлеуметтік 
топтар, ұжым, халық, мемлекет және басқару органдары жатады. 
Меншік объектісі
– бұл осылар арқылы меншік қатынастары 
туындап отыратын қандай да бір заттар немесе құралдар, т.б. Меншік 
объектілеріне: жер, ғимараттар, табиғи ресурстар, өндіріс құрал-
жабдықтары, мүлік, ақшалар, бағалы заттар, ақпарат, жұмыс күші, 
білім, құнды қағаздар, ұлттық құндылықтар, т.б. жатады.
Меншіктің 2 түрі ажыратылады: жеке меншік және мемлекеттік 
меншік. Олардың әрқайсысының бірнеше нысандары бар.
Жеке меншік
– бұл бір тұлғаның немесе отбасының мүліктің 
немесе ресурстың иесі болып табылуы. Жинақтау сипаты бойынша 
жеке меншік еңбектік және еңбектік емес болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет