Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары



Pdf көрінісі
бет99/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

3.2. Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары
объектілері мен субъектілері
Меншік категориясы кез келген экономикалық жүйені ұйым-
дастырудың іргетасы болып табылады. Меншік ұғымы тарихи 
категория ретінде алдымен, жермен, содан соң өндіріс құрал-
жабдықтарын иемденумен, пайдаланумен және оларды жалға берумен 
байланыстырылады. Осы тұрғыда, меншікті молайтуда өндіруші 
адамның еңбегіне және оның еңбек өнімділігінің басымдылық рөліне 
ерекше мән беріледі, өйткені ол барлық байлықтың және пайда 
табудың қайнар көзі ретінде саналады.
Меншік теориясына сүбелі үлесті У. Петти, Ф. Кенэ, А. Смит, 
Д. Рикардо, П. Прудон, К. Маркс, Р. Коуз және А. Алчиан сияқты 
ғалымдар қосты.
Маркс бойынша, меншік – бұл өндіріс құрал-жабдықтарын 
иемденумен байланысты қатынастар деп қарастырылады. Ал Коуздың 
пікірінше, кез келген ресурстар өздігінен меншікке айнала алмайды, 
тек ресурстарды қолдану арқылы ғана меншіктің кешенді құқықтарын 
анықтауға болады. Бұл меншіктің мазмұнын білдіре отырып, осы 
меншік құқығына қатыстылардың барлығы сол меншіктің кімге 
қатысты екенін және өзара пайдалы іс-әрекетті орындауға қол жеткізу 
үшін сол адамдардың бір-бірімен қалайша келісе алатындығын 
сипаттайды.
Осындай көзқарастарға қарап, меншікті меншік объектілерінің 
қатыстылығы жөніндегі адамдар арасындағы экономикалық 


54
қатынастар деп түсінуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет