Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет125/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

2) Тауарлы шаруашылық
– өнімдердің жеке тұтыну үшін 
емес, олардың айырбастау және сату үшін өндірілуін сипаттайтын 
шаруашылықтың дамыған түрі. Тауарлы шаруашылықтың негізгі 
сипатты белгілері:
- экономикалық қатынастар жүйесінің ашықтылығы; 
- қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы;
- тауарлар айырбасының орын алуы;
- еңбектің мамандандырылуы;
- өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық 
байланыстардың орын алуы;
- еңбек өнімдері нарыққа сату немесе айырбас үшін түседі және 
содан кейін тұтынылады.
Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік 
және феодалдық өндіріс әдісінде басым болды. Алғашқы қауымдық 
құрылыстың ыдырауынан еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айнала 
бастады. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылығынан 
бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі 
артық өнімнің құрылуына алып келеді. Ал бұл өз кезегінде, олардың 
арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің 
дамуына түрткі болды. Кейіннен, қолөнердің егіншіліктен бөлінуі 
және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда 
болуына жол ашты.
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуына негізінен үш жағдай 
әсер етті:


70
1. Тереңдетілген ең ірі еңбек бөлінісінің және жұмыс күшінің 
мамандандырылуы.
2. Жеке меншіктің пайда болуы.
3. Тауар өндірушілердің экономикалық жағынан оқшаулануы.
Сондықтан қазіргі нарықтық қатынастар кәсіпкерліктің еркін 
бәсекелестік пен жеке меншік жағдайында жоғары дамыған тауарлы 
шаруашылығының негізінде ғана дами түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет