еңбек өнімділігі деп атайды және ол
Е ө (еңбек өнімділігі) = Q (өнім саны) / Т (уақыт) формусыламен анықталады.
Еңбек қарқындылығы – уақыт бірлігіне шаққандағы жұмыс
күшінің шығындары. Оны еңбек өнімділігінен ажырата білу қажет.
Еңбек өнімділігінің артуы кезінде уақыт бірлігіне шаққандағы
өнімдер саны артады, ал өнімнің құны төмендейді. Еңбек қарқын-
дылығының артуы кезінде өнімдер саны адамның дене шығындары-
мен бірге өсіп, нәтижесінде өнімнің құны өзгеріссіз қалады. Осыған
байланысты, тауардың нарықтық құны еңбектің жеке шығынымен
және жеке жұмыс уақытымен анықталмайды, ол қоғамға қажетті
орташа жұмыс уақытымен анықталады. Осыны
құн заңы деп атайды.
Құн заңы тауар өндірісі жағдайында өндірісті реттеудің негізі
болып табылады. Құн заңы тауардың құн бойынша айырбасталу
үдерісінде көрініс табады. Ол тауардың қоғамға қажетті еңбегінің
мазмұнымен өлшенеді. Тауарды құн бойынша сату және сатып алу
заң ретінде күшіне енеді.