84
деген тұжырым қалыптасқан. Нарық деген ұғымға бірнеше анықтама
беруге болады.
Нарық (рынок)
дегеніміз 1) тауарлар мен қызметтерді сату
және сатып алумен байланысты барлық экономикалық қатынастар
жиынтығы;
2) өзара айналым сферасын сипаттайтын тауар-ақша қатынастары;
3) сатушылар мен сатып алушылардың мүдделерін келістіріп
отыратын
сиқырлы құрал немесе тетік;
4) тауарлар мен қызметтер арқылы кез келген салада әрекетке
түсетін экономикалық агенттердің кез келген жағдайда өзара үйлесім
табуы;
5) сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзін өзі реттейтін механизм.
Міне осы түсініктерге байланысты нарық жағдайында, сұраныс пен
ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігі сипатталады.
Нарықтың пайда болу жағдайын ең алдымен мыналар анықтайды:
1) Қоғамдық еңбек бөлінісі.
2) Өндірушілердің дербестілігі және экономикалық таңдаудың
еркіндігі.
3) Өндірушілердің жеке меншік
шеңберіндегі экономикалық
оқшаулануы.
Нарық құрылымының әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты
түрлері орын алады:
1) Нарықтық қатынас объектілерінің экономикалық мүдделері
бойынша:
- тауарлар мен қызметтер (игіліктер) нарығы;
- өндіріс факторларының нарығы, соның ішінде, еңбек нарығы,
капитал нарығы және жер нарығы;
-
қаржы нарығы;
- ақпарат нарығы.
2) Географиялық орналасуы бойынша:
- жергілікті нарық;
- аймақтық нарық;
-
ұлттық нарық;
- дүниежүзілік нарық.
3) Бәсекенің шектелу деңгейі бойынша:
- жетілген бәсеке нарығы;
- монополиялық нарық;
-
олигополиялық нарық;
- монополистік бәсеке нарығы.
85
4) Салалар бойынша:
- автомобиль нарығы;
- компьютер нарығы, т.б.
5) Сатылу сипаттамасы бойынша:
-
көтерме сауда нарығы;
- бөлшек сауда нарығы;
- фьючерстік сауда нарығы.
6) Заң нормаларына сәйкестігі бойынша:
- ресми нарық;
- ресми емес (көлеңкелі) нарық.
Достарыңызбен бөлісу: