6.2. Жетілген бәсеке және оның орындалушарттары Жетілген бәсеке нарығы дегеніміз – нарықтағы бағаға әсер ете
алмайтын және оны өзгерте алмайтын, саны өте көп және көлемі
жағынан шағын фирмалар жұмыс істейтін нарықтық құрылымның
бір типі.
Жетілген таза бәсеке үлгісі нарықтық құрылымның бір тұрпаты
ретінде бірқатар қатаң болжамдарға сүйенеді. Атап айтсақ, оның
шарттары төмендегідей болып табылады:
1. Біртекті немесе стандартты өнім өндіретін және оны сататын
сатушылардың саны және осы өнімді сатып алушылардың саны
нарықта өте көп болады.
2. Фирмалардың салаға кіруі және одан шығып кетуі еркін және
ол ешқандай тосқауылдармен шектелмейді.
3. Әрбір жеке фирманың нарықтық үлесі соншалықты мардымсыз
болғандықтан олардың әрқайсысы бағаға бақылау жасай алмайды.
4. Сатушылар да, сатып алушылар да нарықтың әрекет ету
жағдайлары мен бағалар туралы ақпараттарға толық ие бола алады.
Осындай нарықтық құрылымның аталған шарттарына байланысты
оған жетілген бәсеке нарығы – бұл нарықтық бағаға әсер ете алмай-
тын, саны өте көп және көлемі жағынан шағын фирмалар әрекет ететін
нарық құрылымының бір типі деп анықтама беруге болады.
109
Жетілген бәсекелес фирманың өніміне деген сұраныс қисығы баға
бойынша өте икемді болып табылады. Ол абсцисса осіне параллельді
түрде өтеді.