6.3. Жетілмеген бәсекенің формалары: монополия, монополистік бәсеке, олигополия, т.б. Жетілген бәсекенің жоғарыда аталған шарттарының ең болмағанда
біреуі ғана бұзылатын болса, онда нарықта жетілмеген бәсекенің
формалары орын алады.
Жетілмеген бәсеке жағдайында фирмалардың саны шектеулі
болып табылады, мұндай нарықтық құрылымдар жетілген бәсеке
нарығына қарағанда экономикалық жағынан тиімділігі төмен
нарықтар ретінде саналады. Себебі, жетілмеген бәсеке жағдайларында
фирма нарық тағы бағаны бақылай алады, оның нарықтағы белгілі бір
үстемдігі орын алады және өнім көлемін жетілген бәсекеге қарағанда
салыстырмалы түрде аз өндіреді.
Жетілмеген бәсекенің негізгі формаларын қарастырғанда кейбір
жағдайларда сатушылар да және сатып алушылар да нарықтық билік-
ке ұмтылып бағаға ықпал жасай алуы мүмкін.
Жетілмеген бәсекенің негізгі формалары:
110
1. Монополия – нарықта бір ғана фирма сатушы ретінде жұмыс
істейтін бәсекелестіктің ең шеткі түрі.
Қарастырып отырған тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма
бар және осы ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп есептесек, онда
мұндай нарық –