Салаға кіруге қойылатын тосқауылдар – бұл салаға кіргісі
келетін жаңа фирмалардың кіру жолдарына қойылатын кедергілер.
Егер салаға кіру тосқауылдары неғұрлым жоғары болса, онда
монополиялық пайда соғұрлым тұрақты сипатта болады. Монополия
жағдайында барлық кедергілер былайша екіге бөлінеді:
1. Табиғи (экономикалық) тосқауылдар – бұлар экономикалық
себептерден туындайды (өндіріс масштабының тиімділігі,
басты ресурстарды бақылау).
2. Жасанды (заңды немесе құқықтық) тосқауылдар –
институционалдық жолмен құрылатын, мысалы, үкімет іс-
әрекеттерінің салдарынан (патенттер, лицензиялар немесе
монополисттің әділетсіз іс-әрекеттері) туындайды.
Таза монополия – бұл жетілген бәсекеге қарама-қарсы болып
табылатын нарықтық құрылымның ең шеткі түрі.
Тағы бір айта кететін жайт, монополист-фирмалар өз өнімінің
бағасына бақылау жүргізе алғандықтан, оларды
«баға іздеушілер» немесе
«жетілмеген бәсекелес фирма» деп те атайды. Яғни
монополист жетілген бәсекелес фирмаға («баға қабылдаушыларға»)
111
қарағанда өз пайдасын максималды дәрежеге жеткізе алатын тиімді
баға деңгейін іздейді және соны саналы түрде тағайындайды.
Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты
монополияның мынадай түрлері болады: