Монополиялық биліктің сандық түрдегі сипаттамасын анықтау үшін төмендегі көрсеткіштер қолданылады: 1. Лернер индексі (I
L
) – монополиялық биліктің сандық мәнін
анықтайтын негізгі көрсеткіш. Кезінде 1934 жылы ағылшын эконо-
мисі
Абба Лернер алғаш рет монополиялық билікті анықтаудың
осындай әдісін ұсынғандықтан, аталған көрсеткіш сол экономистің
атымен аталады. Ол мына формуламен анықталады:
I L = (P m – MC) / P m = 1 / E d P , мұндағы, P
m
– монополиялық баға, МС – шекті шығын, E
d
P
–
сұраныстың бағалық икемділігі.
Жетілген бәсеке жағдайында баға шекті шығындар шамасына
тең және осы жағдайда Лернер индексі 0-ге тең болады. Баға шекті
шығындардан асып кеткен жағдайда индекс нөл мен бірдің аралығын-
да (0 < L < 1) орналасқан оң мәнге ие болады. Индекс 1-ге жақындаған
сайын фирма монополиялық биліктің үлкен көлеміне жақындайды.