Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет204/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Тауарды ерекшелендіру
(дифференциациялау) дегеніміз – 
фирманың нарықтағы өз билігін күшейту мақсатында тұтынушының 
көз алдында тауарын өзіне ұқсас тауарлардан қандай да бір белгімен 
айрықша көрсету әдістерін сипаттайтын нарықтағы мінез-құлықтық 
элементі, яғни ондай айрықша белгілерге: сапа, жарнама, сауда белгісі, 
сату шарттары, буып-түю және т.б жатады.
Монополиялық бәсеке нарығы моделінің ерекшеліктерін екі негізгі 
сипаты бойынша қарастыруға болады:
1. Монополиялық сипаттары бойынша:
- кемімелі сұраныс қисығы;
- бағаға әсер ете алу мүмкіндігі.
2. Бәсекелестік сипаттары бойынша:
- нарықты басқа ұсақ фирмалардың көпшілігімен бөлісу;
- іс-әрекеттері басқа фирмаларға тәуелді емес;
- өнім көлемін шектеу мақсатында келісімге келу мүмкіндігі жоқ.
Тауарды өзгешелендірумен байланысты шығарылатын қосымша 
шығындар осы салаға жаңа фирмалардың кіруіне кедергі болуы 
мүмкін.
Монополистік бәсеке нарығының монополия сияқты қоғам үшін 
экономикалық тиімсіздікке алып келетін әлеуметтік-экономикалық 
салдарлары бар. 
Біріншіден,
тауарлар өндірісі үшін ресурстар 
толық қолданыла алмайды, яғни жоғарыда атап өткеніміздей, артық 
өндіріс қуаты пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет