1. Табиғи олигополия – ұзақ мерзімдік ең төменгі орташа
шығындармен барлық нарыққа өнімнің белгілі бір түрін бірнеше
фирмалардың сатуымен ерекшеленетін олигополияның бір түрі.
2. Таза (стандартталған) олигополия – біртекті (стандартты)
өнімді (мысалы, металл, шикі мұнай, т.б.) өндіруді жоспарлаған
бірнеше ірі фирмалардың нарықта әрекет етуін сипаттайтын
олигополия нарығының бір түрі.
3. Ерекшеленген (дифференциацияланған) олигополия –
нарыққа әртүрлі (ерекшеленген) өнімдерді (мысалы, автомобиль,
тұрмыстық техника, т.б.) бірнеше ірі фирмалардың шығарып сатуын
сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.