Екіншіден, тұтынушылар тауарларды
төменгі бағамен сатып ала алмайды, яғни оларға қажетті тауарлар
тиісті деңгейінде өндірілмейді.
Үшіншіден, тауарға тұтынушылық
сұранысты бейімдеу үшін сол тауарға үнемі ерекшелік беріп жетіл-
діріп отыру қажет.
Төртіншіден, тауарға тұтынушылық сұранысты
бейімдеу үшін сол тауарға жарнама жасап отыруды қажет етеді.
3. Олигополия – шешім қабылдау кезінде өздерінің бәсекелестері-
нің мүмкін болатын іс-қимылдарын есепке алатын, бір-бірімен өзара
тығыз қарым-қатынаста әрекет ететін фирмалардың саны шектеулі
және санаулы болып табылатын жетілмеген бәсеке жағдайындағы
нарықтық құрылымның бір типі.