Олигополия жағдайында фирмалар салалық пайда максималды
болатындай шығарылым көлемін қамтамасыз етуді өз алдына
мақсат етіп қояды. Өзара әрекеттесудің өзі кооперативтік стратегия
формасында жүзеге асуы мүмкін, яғни бұл жағдайда бірігу
фирмалардың баға мен өндіріс көлемі туралы өзара келісімге
келуі арқылы қол жеткізіледі және әрекет ету кооперативтік емес
стратегияны қолдану кезінде орын алуы мүмкін, яғни бұл жағдайдағы
координация бәсекелік әдістер жолымен жүзеге асырылады.
Кооперативтік іс-әрекеттер кезінде фирмалар біртұтас монополия
ретінде мінез-құлық танытып, бағаны жоғары белгілейді және өнім
көлемін де тым шектейді. Ал кооперативтік емес іс-әрекет кезінде
фирмалардың мінез-құлқы жетілген бәсекеге ұқсас болып келеді
және олардың пайдасы да кооперативтікке қарағанда төмен болады.