Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет211/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Монополистік бәсеке жағдайында
фирма пайданы максимал-
дауды басшылыққа алатын болса, онда ол шығарылым көлемін 
өндірістің шекті шығындары оның шекті табысына тең болған кезде 
оңтай ландыруы қажет. Монополистік бәсеке жағдайында жұмыс 
істейтін фирма өнімінің бағасы қысқа мерзімде оның орташа өзгермелі 
шығындарын және ұзақ мерзімді кезең үшін ұзақ мерзімді орташа 
шығындарды жауып отырғанша дейін шығарылым көлемін жүзеге 
асыра береді. Монополистік бәсеке жағдайында фирманың және 
саланың ұзақ мерзімдік тепе-теңдігі тауарды өндірістің ұзақ мерзімді 
орташа шығындарға тең болғандағы бағамен сатқанда орындалады, 
бұл салалық тосқауылдардың төмен болуына орай бәсекенің орын 
алуына себепші болып табылады. Сондықтанда фирма ұзақ мерзімдік 
тепе-теңдік жағдайында бола отырып, экономикалық пайда алу 
мүмкіндігінен айрылады. Монополистік бәсеке жағдайындағы 
фирмалар өз өніміне деген сұраныс қисықтарының көлбеулігімен 
санасады десек, онда олардың ұзақ мерзімдік тепе-теңдікке жетуі 
нарықтық бағалардың шекті шығындардан және өндірістің ұзақ 
мерзімді минималды орташа шығындарынан жоғары болуы кезінде 
қамтамасыз етіледі, ал бұл өз кезегінде артық өндіріс қуатының 
болуын сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет