Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет210/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Монополия жағдайында
фирманың билік жүргізуінің көзі болып 
нарыққа бақылау жасай алуы табылады, ол нарықты бақылау арқылы 
өзінің өндіріс көлемін реттей отырып, нарықтық бағаға әсер ете 
алады. Монополия жағдайында минималды орташа шығындармен 
өндіруге ынталандыратын нарықтық күштер болмағандықтан
монополист өндірістің кез келген көлемін таңдай алады. Пайданы 
максимизациялау ережесіне жүгіне отырып, монополист шекті табыс 
өндірістің шекті шығындарына тең болғандағы өндіріс көлемін 
таңдайды. Бұл жағдайда, сұраныс қисығының көлбеулігін ескере 
отырып, монополист бағаны бір өнімге кететін шекті шығындардан 
жоғары етіп тағайындайды, яғни осы баға оның өніміне деген сұраныс 
икемділігіне кері пропорционалды болып табылады. Монополистің 
өндіріс көлемі туралы шешім қабылдауы шекті түсім қисығының 
сипатын анықтайтын сұраныс икемділігінің өзгеруіне байланысты 
болса, онда баға мен ұсыныс көлемі арасында арақатынас орын 
алмайды, сондықтан монополия жағдайында ұсыныс қисығы 
болмайды. Әртүрлі тең жағдайларда монополистің ұсыныс көлемі 
жетілген бәсекелес фирмаға қарағанда төмен, ал бір өнімге деген 
монополиялық баға жетілген бәсекелес фирманың бағасына қарағанда 
жоғары болып табылады, осының салдарынан қоғамдың әл-ауқаты 
төмендейді.


117


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет